Негізгі бет > Дін, Мақалалар, Әр түрлі > Дәстүр дінге қарсы келе ме?

Дәстүр дінге қарсы келе ме?


Ия, дәстүр дінге қарсы келеді ма? Бұл сұрақ әсіресе жастарды көп мазалайтын секілді. Біршама уақыт болды Шымқалада теріс пиғылды ағымдардан зардап шеккен азаматтарға көмек беретін орталықта жұмыс істеп келемін. Жалпы әлгі жоғарыдағы сұрақты жеке кездесулерде жиі қойып жатамыз. Көпшілігі ия қарсы келеді деген жауапты береді. Жастар дейтін себебім, деструктивті ағымдардан зардап шеккен азаматтардың жас ерекшеліктері 16-29 арасында болып жатады. Бұл 2013 жылғы көрсеткіш. Яғни біз кездескен азаматтардың арасындағы көрсеткіш. Бұл тек қана ОҚО бойынша деп айта алмаймын. 
Өз басым дәстүр дінге қарсы келмейді деген ұстанымды қолдап әрі дәлелдеп бергім келеді. Әрине дәстүрдің озығы бар тозығы бары да рас. Бұл ретте мен алдымен қазақ халқының беташар жасап, келіннің сәлем салуы жайында сөз қозғайын.
Теріс пиғылды ағымдардың жетегінде жүрген азаматтар келіннің сәлем салуын «ширк» (Аллаға серік қосу) деп санайды. Адам тек қана Жаратушыға иілуі керек, адамға иілу «харам» дұрыс емес деген пікірде. Иілу харам деп ислам дініндегі парыз етіп бекітілген құлшылық намаздағы еңкею «рукуғ» етумен теңейді.

Ислам дініндегі намаздың ішіндегі рукуғ етудің мынадай шарттары бар:
1. Еңкею 90 градус болы шарт,
2. Екі қол еңкейгенде тізеде болу керек,
3. Және рукуғ еткенде «субхана роббиәл ъазим» деген дұға оқылады.

Осы жоғарыда келтірілген шарттар орындалмаса ол рукуғ болып есептелмейді.
Ал енді қазақ халқының сәлем салу дәстүріне кезек берелік. Сәлем салуды сипаттап көрелік. Еңкею 90 градус болсын деген шарт жоқ. Екі қолдың да тізеде болуы шарт емес. Сонымен қатар сәлем салар уақытта белгілі бір дұғаның оқылуы да міндетті емес. Демек сәлем салу мен намаздағы еңкею бір біріне мүлдем ұқсамайды. Осы жерде сәлем қайдан шықты деген орынды сауал туындауы мүмкін. Ол сұраққа жауапты біз тарихтан іздейміз. Сәлем салудың тарихына үңілеміз. Ата бабамыз Құдайға шүкір дінсіз болмаған. Діндар әрі діни рәсімдерге құрметпен қараған. Діни қағидалар бойынша әйелдер ерлермен амандасуы және әдемі сыңғырлаған дауыстарын ерлердің алдында шығаруы ерсі. Ата бабамыз шариғат бойынша әйелдер оның ішінде келіндер қол бермесе, даусын шығармаса амандасқанын қалай білеміз деген орынды уәж айта білген. Оның жауабы ретінде сәл ғана иілсін, осы келіннің амандасқаны деген халқымыздың пәтуасы шыққан. Ал сәл ғана еңкею шариғатқа еш қарсылық тудырмаған.
Өкінішке орай кешегі Кеңес үкіметі тұсында дәстүрімізден айырылып, дәстүрлеріміздің тарихын ұмыта жаздадық. Осы себепті кейінгі жастарымыз сәлем салудың тарихына үңілмес бұрын асығыс шешім шығарып жатыр.
Дәстүрге байланысты бұл көптеген мысалдардың бірі ғана еді. Бұдан басқа мысалға көшсек. Теріс пиғылды ағымдардың жетегінде жүрген азаматтар қазақ баласының үйінде көбінесе есіктің кіреберісінде жоғарыда ілініп тұратын адыраспанды да ширк санайды. Адыраспанды олай ілуге болмайды, ол ешбір жамандықтан қорғамайды керісінше Аллаға серік қосып күнәһар боламыз деген біржақты пікірді ұстанады. Бұл ретте тағы да адыраспанның неліктен төрде емес есіктің үстінде, кіреберісте ілініп тұратындығының тарихына үңілген жөн.
Өткен ғасырларда духи, дезодорант, хош иісті ауа тазалайтын заттар жоқ болатын. Ал қазақ халқы көшпенді әрі төрт түлік малмен күнелткен жандар. Бары да нары да осы төрт түлік мал болды. Малдың қамын ойлап жайлауда, күзеуде, қыстауда өмір сүрді. Киіз үйде өмір сүрген соң кейде мал төлдеп, олардың кей төлдерін үйге кіргізетін. Әрі адамның да иісі бар. Барлығы қосылған уақытта әр түрлі иістің қосындысы пайда болады. Ондай жерде микробтардың жүруі де ғажап емес. Әжелеріміз жағымсыз иістерден әрі кейбір аурулардан құтылу үшін адыраспан түтеткен. Ісі біткен соң көз алдымда тұрсын, керек кезде іздеп жүрмейін әрі аяқ асты болмасын деп есіктің жанына, кіре беріске ілетін болған.
Заман өте келе адыраспанға деген мұқтаждық азайды. Дегенмен адыраспан өз орнында қалды.
Осы секілді «жағыңды таянба», «есікті керме», «үйге жүгірме», «суға түкірме», «нанды баспа», «адамды аттама» деген секілді мәдениет пен өркениетке толы салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды жоққа шығару, харам деп санау асыра сілтеу емей немене? Әр бір ырымның, наным-сенімнің, әдет-ғұрыптың, салт-дәстүрдің өзіндік бір тарихы бар. Олардың ешбірі бостан босқа ойлап табылған еріккеннің ермегі не шатпағы емес.
Дәстүріміз дінге қарсы келмейді, керісінше қуаттайды. Жат елдің жұрқыншақ, жамау-жыртықтарын жерден жеті қоян тапқандай мақтанып, жар салып, дін деген осы деп сандырақтағанша өз тарихымызды, дәстүрімізді қастерлей білген жөн шығар.
Ұлықбек Алиакбарұлы.

  1. Бостанова Назира
    Қыркүйек 6, 2014, 12:45 pm

    Өте жақсы санамалап, талдап бердіңіз.Қазіргі уақытта осы мәселеге тереңнен үңілмей,елді шатастырып жүрген азаматтарымыз бар,тіпті олардың ішінен “аузы дуалы ” халық алдында жүрген азаматтар бар екен.Беташарда келін сәлем салуға болмайды,ол Аллаға серік қосу деп айтып жүрген азаматтарымыздың дін жайында сауаттарының төмен болғаны ма?

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s