Негізгі бет > Араб әдебиеті, Араб әдебиетінің тарихы, Жаһилиет дәуірі, Муаллақат шайырлары > Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің Муаллақат шайырлары: Зуһайр ибн Әби Сулмә. (Ұ.Алиакбарұлы.)

Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің Муаллақат шайырлары: Зуһайр ибн Әби Сулмә. (Ұ.Алиакбарұлы.)


Зуһайр ибн Әби Сулмә (530-627). Зуһайр бин Аби Сулма (زهير بن أبي سلمى). Негізгі есімі Рабиға бин Риах әл-Музани бин Мудар. Арабтың Музайна руынан. Әкесі Неждттің Хажир атты мекенінде анасымен бірге Бәни Абдулла бин Ғатфан және нағашылары Бәну Марра руымен көрші отырған. Зуһайр Бәни Марра, Бәни Абдулла Ғатфан руларының қонысында дүниеге келген.[1] Осы себепті базі риуаятшылар Зуһайр Ғатфан руынан болған дейді.[2] Дегенмен Зуһайрдың туып өскен жері Ғатфан руы, өз руы Музани.[3]

Зуһайр нағашыларының қолында ұзақ болмаған. Әкесі қайтыс болған соң дүниеге келген Зуһайр нағашысы Башама ибнул Ғадирдың кепілдігінде болған. Башам дүние салар алдын дүниесінің бір бөлігін Зуһайрге мирасқа қалдырады. Өлер алдын Башам Зуһайрге: саған дүниеден де қымбат зат қалдырып барамын деген. Зуһайр ол не дегенде. Өлеңдерім деп жауап берген.

Зуһайр нағашысан жақсы мінез құлық, адамгершілік және өлең шығаруды үйренеді.

Екі рет үйленген. Бірінші әйелі Умму Ауфа. Умму Ауфадан туған балалар шетіней берген соң, одан ажырасып Ғатфан тайпасынан Кабаша бинт Аммар есімді әйелге үйленеді. Одан Кағб, Бужайр, Сәлим есімді ұлдар көреді. Сәлим көзі тірісінде қайтыс болады.

Зуһайр жиһилетте өмір сүрген, ақыр заманға иланған шайырдың бірі. Осы себепті басқа жаһилиет заманының шайырларынан ерекше болатын.

Зуһайр өлеңмен оралған отбасының отағасы болатын. Оның әкесі, нағашысы, қарындастары Сәлма мен әл-Ханса ұлдары Кағб пен Бужайр барлығы ақын болған.[4]

Зуһайр арабтың Абс және Зубйан тайпаларының арасында болған шайқас заманында өмір сүрген.[5] Зубйан Ғатфан руының бір тармағы.

Екі ру бір мәмілеге келіп соғыс біткен уақытта, Зуһайр екі жақты жарастырғандар жайлы өлең шығарған. Осы өлеңі муалақаттардың қатарына ілінеді.

Әбу Абдулла Хусейн ибн Ахмад әл-Заузанидің мәліметіне сүйенсек Зуһайр 609 жылы жүзге таяған шағында дүние салған.[6]

Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы. (Басқа сайтқа гиперсілтемесіз, әсіресе “Википедияға” көшіруге қатаң тыйым салынады.)


[1] Ағани. 10/291.

[2] Зуһайр. Шиғр уа әл-Шуғара. Ибн Қутайба. 1/86.

[3] Тариухл араби, асрул жаһили. Араб тарихы, жаһилиет дәуірі. Да әл-Мағариф баспасы. Шауқи Дайф. 2003 ж. 300 бет.

[4] Шарх әл-Муаллақат әл-Сабғ. Жеті муаллақаттың түсіндірмесі. Әбу Абдулла Хусейн ибн Ахмад әл-Заузани. Дар әл-Аламия баспасы. 1993. 69 бет

[5] Тариухл араби, асрул жаһили. Араб тарихы, жаһилиет дәуірі. Да әл-Мағариф баспасы. Шауқи Дайф. 2003 ж. 301 бет.

[6] Шарх әл-Муаллақат әл-Сабғ. Жеті муаллақаттың түсіндірмесі. Әбу Абдулла Хусейн ибн Ахмад әл-Заузани. Дар әл-Аламия баспасы. 1993. 70 бет.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s