Негізгі бет > Араб әдебиеті, Араб әдебиетінің тарихы, Жаһилиет дәуірі, Муаллақат шайырлары > Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің Муаллақат шайырлары: Амр ибн Кулсум. (Ұ.Алиакбарұлы.)

Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің Муаллақат шайырлары: Амр ибн Кулсум. (Ұ.Алиакбарұлы.)


Амр ибн Кулсум (?-584). Амр бин Кулсум (عمرو بن كلثوم) бин Малик бин Ғитаб бин Сағд бин Зуһайр бин Бакр бин Хабиб ибн Амр бин Ғанам бин Тағлиб бин Уәйил[1]. Анасы Ләйлә (Әсма[2]) бинт әл-Муһалһал. Муһалһалдың немересі, Имрул Қайсқа да жақындығы бар. Лақаб аттары Әбу Асуад, Әбу Амир. Шам мен Ирак арасында Фурат[3] жазықтарында өмір сүрген Таблиғ тайпасынан.[4]

Амр ер жүрек, батырлығымен танылып, он бес жасында өз тайпасына басшылық еткен христиан арабтарынан.[5] Тарафаны өлтірткен Хираның патшасы Амр бин Һинд Амр бин Кулсумның қолынан өлген. Тарафаның өміртарихында айтқанымыздай ибн Һинд мақтаншақ, өзімшіл адам болатын. Ибн Һинд Тағлиб пен Бәни Бакр арасында болған қақтығыста қазылық еткені. Бірде ибн Һинд: «Менің анама қызмет етпейтін араб бар ма екен?» деп масаттанады. Айналасында отырған ондай адам табылады дейді. Ол кім дегенде. Муһалһалдың қызы, көкесі Куләйб Уәйил арабтардың құрметті адамы.  Оның ұлы Амр бин Кулсум Тағлиб руының әміршісі, бадауилердің қарулысы Кулсум бин Мәлик. дейді. Бұл әңгімеден соң ибн Һинд Амр ибн Кулсумды анасымен бірге қонаққа шақырады. Сондағы мақсаты оларды жұмсап, масқаралау болатын. Амр ибн Кулсум анасымен қонаққа келгенде, ибн Һинд анасына Ләйләні масқаралайық деп келісіп алады. Дастахан басында отырған Һиндтің анасына Ләйлаға қарап: «жанындағы табақты ұзатып жіберші» дейді. Ләйлә «керек адам өзі алсын» деп ашуланып жауап беріп, «Қайдасың Тағлиб, бұлар бізді қорлауға шақырған екен» деп айқайлайды. Анасының жан даусын естіген Амр ибн Кулсум ашуға булығып, қаны қайнап, ілулі тұрған қылышты алып ибн Һиндтің басын шауып тастайды.[6] Бұл оқиға 570 жылы Мұхаммед пайғамбар дүниеге келген уақытта болған.[7]

Амр ибн Кулсумнің өлеңдері мыңға жуық бәйіт болған көрінеді. Бірақ ол бәйіттерден біздің күнімізге оннан бірі ғана жеткен. Шайыр өлеңдерінде хамаса, фахр жанрында жырлаған. Аздаған ғазал лирикасы да кездеседі. Сонымен бірге үгіт, насихат және шарап жайлы өлеңдері де бар.[8]

Амр ибн Кулсумның өмір сүрген тарихы әр түрлі келген. Әл-Заузани 450-600 жылдары өмір сүріп, 150 жасында қайтыс болған десе[9], әл-Муаллақат әл-ғашр уа ахбару шуғараиһа кітабында қайтыс болған жылы 570[10] Мунжидте 584[11] деп көрсетілген.

Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы. (Басқа сайтқа гиперсілтемесіз, әсіресе “Википедияға” көшіруге қатаң тыйым салынады.)


[1] әл-Муаллақат әл-ғашр уа ахбару шуғараиһа. Он муаллақат және оның шайырлары. Құрас: Ахмад әл-Амин әл-Шинқинти. Дар әл-Наср баспасы. 33 бет.

[2] әл-Муаллақат әл-ғашр уа ахбару шуғараиһа. Он муаллақат және оның шайырлары. Құрас: Ахмад әл-Амин әл-Шинқинти. Дар әл-Наср баспасы. 33 бет.

[3] Евфрат (Ұ.А.)

[4] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 142 бет.

[5] Әл-Мунжид фил ағлам. Дар әл-Машриқ баспасы. Бейрут. 2003. 380 бет.

[6] әл-Муаллақат әл-ғашр уа ахбару шуғараиһа. Он муаллақат және оның шайырлары. Құрас: Ахмад әл-Амин әл-Шинқинти. Дар әл-Наср баспасы. 34 бет., Шарх әл-Муаллақат әл-Сабғ. Жеті муаллақаттың түсіндірмесі. Әбу Абдулла Хусейн ибн Ахмад әл-Заузани. Дар әл-Аламия баспасы. 1993. 112 бет.

[7] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 142 бет.

[8] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 143 бет.

[9] Шарх әл-Муаллақат әл-Сабғ. Жеті муаллақаттың түсіндірмесі. Әбу Абдулла Хусейн ибн Ахмад әл-Заузани. Дар әл-Аламия баспасы. 1993. 111 бет.

[10] әл-Муаллақат әл-ғашр уа ахбару шуғараиһа. Он муаллақат және оның шайырлары. Құрас: Ахмад әл-Амин әл-Шинқинти. Дар әл-Наср баспасы. 33 бет.

[11] Әл-Мунжид фил ағлам. Дар әл-Машриқ баспасы. Бейрут. 2003. 380 бет.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s