Негізгі бет > Араб әдебиеті, Араб әдебиетінің тарихы, Жаһилиет дәуірі, Муаллақат шайырлары > Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің Муаллақат шайырлары: Әл-Харис ибн Хиллиза. (Ұ.Алиакбарұлы.)

Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің Муаллақат шайырлары: Әл-Харис ибн Хиллиза. (Ұ.Алиакбарұлы.)


Әл-Харис ибн Хиллиза (ҮІ ғ.). Әл-Харис  (430-570[1]) жаһилиет дәуірінде өмір сүрген Ирақ жерінен шыққан муаллақат шайыры. Толық есімі: әл-Харис бин Хиллиза (الحارث بن حلزة) бин Бәкр бин Уәйил бин Әсәд бин рабиға бин Назар. «Хиллиза[2]» әкесінің лақабы. Әкесі сараңдығымен аты шықса керек, ұлы да әкесінің лақабымен аталып кеткен.[3] Өз лақаб аты Әбу Залим. Амр ибн Кулсумнің тайпасы Тағлибпен көрші отырған. Амр бин Һин, Амр бин Кулсум заманында өмір сүріп, Бәну Бәкі мен Бәну Тағлиб қақтығыстарының куәсі болған.[4]

Әл-Харистің поэзиясы әл-фахр жанрында болған. Қасидаларының біршама бөлігін Бәни Тағлиб кейбірін Амр ибн Һиндке арнаған. Әл-Шинқинтидің құрастырған кітабының мәліметі сүйенсек әл-Харис ұзақ өмір жасап 155 жасында қайтыс болған.[5]

Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы. (Басқа сайтқа гиперсілтемесіз, әсіресе “Википедияға” көшіруге қатаң тыйым салынады.)


[1] Шарх әл-Муаллақат әл-Сабғ. Жеті муаллақаттың түсіндірмесі. Әбу Абдулла Хусейн ибн Ахмад әл-Заузани. Дар әл-Аламия баспасы. 1993. 144 бет.

[2] Қортық, сараң. (Ұ.А)

[3] Шарх әл-Муаллақат әл-Сабғ. Жеті муаллақаттың түсіндірмесі. Әбу Абдулла Хусейн ибн Ахмад әл-Заузани. Дар әл-Аламия баспасы. 1993. 144 бет.

[4] әл-Муаллақат әл-ғашр уа ахбару шуғараиһа. Он муаллақат және оның шайырлары. Құрас: Ахмад әл-Амин әл-Шинқинти. Дар әл-Наср баспасы. 34 бет., Шарх әл-Муаллақат әл-Сабғ. Жеті муаллақаттың түсіндірмесі. Әбу Абдулла Хусейн ибн Ахмад әл-Заузани. Дар әл-Аламия баспасы. 1993. 41 бет.

[5] әл-Муаллақат әл-ғашр уа ахбару шуғараиһа. Он муаллақат және оның шайырлары. Құрас: Ахмад әл-Амин әл-Шинқинти. Дар әл-Наср баспасы. 41 бет.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s