Негізгі бет > Араб әдебиеті, Араб әдебиетінің тарихы, Жаһилиет дәуірі, Муаллақат шайырлары > Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің Муаллақат шайырлары: Ләбид ибн Рабиъа. (Ұ.Алиакбарұлы.)

Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің Муаллақат шайырлары: Ләбид ибн Рабиъа. (Ұ.Алиакбарұлы.)


Ләбид ибн Рабиъа (560-661). Толық есімі: Ләбид бин Рабиға (لبيد بن ربيعة) бин Малик бин Жағфар бин Киләб бин Рабиға бин Амир бин Қайс бин Айлан бин Мудар. Шарх әл-Муаллақат әл-Сабғ кітабының мәліметіне сүйенсек шамамен 534-644 жылдары өмір сүрген. Лақаб аты Әбу Ғуқайл. Әкесі Рабиға Ләбидтің бала күнінде Бәну Әсәд тайпасынан мерт болған көрінеді. Анасы Тәмира бинт Зинбағ.

Ләбидтің туған жылы жайлы тарихшылардың әр түрлі датасы бар. Осы себепті болса керек әр кітапта әр түрлі мәліметтер берілген. Ағанидің мәлімет бойынша Ләбид 145 жасында Мұғауия ибн Аби Суфйан заманында қайтыс болған. әл-Заузани 534 жылы туылған болуы мүмкін дейді. әл-Асфаһани шайырдың 90 жылдық өмірі жаһилиетте, қалған 55 жылы ислам дәуірінде өткендігін жазады.[1]

Өз заманында тайпасының тілі деген атаққа ие болған. Тайрасына қатысты қандай да бір мәселе болса Ләбидтің жұмсақ тілімен шешілсе керек. Біршама келіссөздерде Ләбид Йемен, Хабашстан басшыларымен кездесіп, жақсы мәміле жасап сый-сияпат пен құрметке ие болған. Соның бірі Хабашстан әмірі Хамир. Хамирге хат жазған Ләбид тартып алынған түйені егесіне қайтарылуын сұраған. Хамир Ләбидке жауап жазып, түйені егесіне қайтарып, Ләбидтің өзіне сый-сияпат жіберген екен.

Шайырлығының дәрежесі жайлы сұралғанда былау жауап берген: бірінші Мәлик әл-Далил[2] кейін әл-Ғулам әл-Қатил[3]. Одан соң деген сұраққа «мен» деп өзін көрсеткен. әл-Фараздақ бір күні Куфада Бәни Уқайсир мешітінде бір адамның Ләбидтің өлеңдерін оқығанын естіп, сәжде етеді. Оны көрген әлгі кісі не болды саған ей Әбу Фирас? деген сұрағына «сендер Құрандағы сәждені білсеңдер мен өлеңдегі сәждені білемін» деп жауап қайырған.[4]

Ләбид мұсылман болған соң мінез-құлқы, жүріс-тұрысы қатты өзгерген. Ләбид інісінің қазасынан соң Бәни Жағфар бин Килаб тайпасында Меккенің мұсылмандардың қолына өтпес бұрын пайғамбарды кездестіріп исламды қабылдайды.[5] Мұсылман болған соң шайырлығын қойып Құранды жаттайды. Жаһилиеттен соң Ләбид бір ғана бәйіт шығарған. Медине һижрет етіп онда біршама уақыт өмір сүріп, халифа Умар ибн әл-Хаттаб заманында Куфаға көшіп барады. Өмірінің соңғы күндерін Куфада өткізіп, дүние салады.[6]

Ләбид муалақатында өзінің өмір сүрген ортасын, табиғатын, жауған жауынды сипаттаған. Көптеген жерінде мінген түйесін аспандағы қызғылт түсті бұлтқа теңеген. Өзі туралы да бәйіттер шығарған. Ішкен шарабы жайлы айта келіп, муаллақатын өзінің тайпасының ерекшеліктерімен бітірген.[7]

Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы. (Басқа сайтқа гиперсілтемесіз, әсіресе “Википедияға” көшіруге қатаң тыйым салынады.)


[1] Шарх әл-Муаллақат әл-Сабғ. Жеті муаллақаттың түсіндірмесі. Әбу Абдулла Хусейн ибн Ахмад әл-Заузани. Дар әл-Аламия баспасы. 1993. 85 бет.

[2] Имрул Қайс (Ұ.А)

[3] Тарафа ибн әл-Абд (Ұ.А)

[4] әл-Муаллақат әл-ғашр уа ахбару шуғараиһа. Он муаллақат және оның шайырлары. Құрас: Ахмад әл-Амин әл-Шинқинти. Дар әл-Наср баспасы. 25 бет.

[5] әл-Муаллақат әл-ғашр уа ахбару шуғараиһа. Он муаллақат және оның шайырлары. Құрас: Ахмад әл-Амин әл-Шинқинти. Дар әл-Наср баспасы. 29 бет.

[6] Шарх әл-Муаллақат әл-Сабғ. Жеті муаллақаттың түсіндірмесі. Әбу Абдулла Хусейн ибн Ахмад әл-Заузани. Дар әл-Аламия баспасы. 1993. 87 бет.

[7] Шарх әл-Муаллақат әл-Сабғ. Жеті муаллақаттың түсіндірмесі. Әбу Абдулла Хусейн ибн Ахмад әл-Заузани. Дар әл-Аламия баспасы. 1993. 88 бет.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s