Негізгі бет > Араб әдебиеті, Араб әдебиетінің тарихы, Жаһилиет дәуірі, Муаллақат шайырлары > Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің Муаллақат шайырлары: Антара ибн Шаддад. (Ұ.Алиакбарұлы.)

Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің Муаллақат шайырлары: Антара ибн Шаддад. (Ұ.Алиакбарұлы.)


Антара ибн Шаддад (525-615). Антара ибн Амр ибн Шаддад (عنترة بن شداد) әл-Абси. Неждте дүниеге келген. Антара арабтың «антар» сөзінен шығып, «батырлық» ал «антара» «батыр» деген мағына береді. Антараның Әбул Мағаиш, Әбу Ауфа деген лақаб аттары болған.[1] Имрул Қайстың қартайған шағында кездесіп, біршама уақытта жанында жүрген.[2]

Антараның қаралығы анасына тартса керек, себебі анасы Зубайба хабашилік[3] болатын әрі жаугершілік заманында тұтқындалған күң екен. Бәдәуилер күңнен туғанды құл санап, азаттық алмайынша халық арасында орны болмайтын. Әкесі арабтың Бәни Абс тайпасынан.

Антара жастайынан-ақ Мәлік есімді көкесінің қызы Аблаға ғашық болады. Антара араб болғанымен қара құл болатын. Осы себепті Мәлік оған қызы бергісі келмейді. Антараның да заманында арабтар көрші-қолаңымен жауласумен болады. Осындай бір шайқас уақытында Антара жауға қарсы шаппақшы болғанын естіген әкесі «Құлдың соғысты не ісі бар, ол түйе бағып, сүтін ішкеннен басқа не білсін» дейді. Әкесі Антараның құл екенін бетіне басып, қайтарып тастайды. Абс тайпасы бір шайқаста жеңіілс тауып, мал-мүліктеріне айырып қалады. Осы мезетті пайдаланған Антара азғана достарымен жауға қарсы шығып, жеңіп, қолды болған мүліктерін қайтарады. Олжалы келген Антараға әкесі құлдықтан босатып, азаттақ береді. Азаттық алған Антара Аблата келгенімен Мәлік тағы қайтарады. [4]

Ұзақ жасаған Антара арабтың Дахис, Ғабра шайқастарына қатысқан. Антара пайғамбарлық заманында 610 жылы Зи Қар соғысында парсылармен соғысып, жеңіспен оралады. Бұл оқиға Мұхаммед пайғамбарға жеткенде «Арабтың араб еместін қайтарған алғашқысы ақысы» дейді.

Антара Ғазал және әл-Хамаса жанрында жырлаған. Хамаса жанрындағы поэзиясы екі бөлімнен тұрады. Біріншісі өзі жайлы, екінші қысымы шайқастарға қатысып, жауға қарсы шапқандығы туралы жырланады. Көбіне көп батырлық, күш-қуат жайлы сөз еткен. Антара бір немесе бірнеше ғана бәйіттер шығарған көрінеді. Алғашқы қасидасы ол мұаллақаттары. Муаллақаттарында Дахис, Ғабра шайқастары жайлы сөз еткен.[5]

Антара өмірінің соңғы күндерінде Абс пен Бәни Тай арасында болған шайқасқа қатысып, осы шайқаста һижреттен бұрын 8 жылы, шамаман 614 ж. қайтыс болады. Аблаға үйленбей кетеді.[6]

Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы. (Басқа сайтқа гиперсілтемесіз, әсіресе “Википедияға” көшіруге қатаң тыйым салынады.)


[1] Шарх әл-Муаллақат әл-Сабғ. Жеті муаллақаттың түсіндірмесі. Әбу Абдулла Хусейн ибн Ахмад әл-Заузани. Дар әл-Аламия баспасы. 1993. 128 бет.

[2] Шарх әл-Муаллақат әл-Сабғ. Жеті муаллақаттың түсіндірмесі. Әбу Абдулла Хусейн ибн Ахмад әл-Заузани. Дар әл-Аламия баспасы. 1993. 128 бет.

[3] Хабашстан – Абиссиния, хабашилік – Абиссиниялық. (Ұ.А)

[4] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 208 бет.

[5] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 209 бет.

[6] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 208 бет.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s