Негізгі бет > Араб әдебиеті, Араб әдебиетінің тарихы, Жаһилиет дәуірі, Сарай шайырлары > Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің Сарай шайырлары: Әл-Муталаммис. (Ұ.Алиакбарұлы.)

Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің Сарай шайырлары: Әл-Муталаммис. (Ұ.Алиакбарұлы.)


Әл-Муталаммис (?-569). Бахрейннен шыққан жаһилиет дәуірінің шайыры. әл-Муталаммис (المتلمس) Жарир ибн Абдул Масих[1]. Тарафа ибн әл-Абдтың нағашысы.[2] Толық есімі Жарир ибн Абдул Ғузза әл-Дабағи[3] Бәни Дубайға ибн Малик тайпасынан. Хираның патшасы Амр ибн Һиндтің заманында өмір сүрген. Әкесі Абдул Ғузза. Муталаммис пұтпарас семьяда туылғанымен кейін христиан дінін қабылдаған болуы мүмкін.[4]

Амр ибн Һинд Муталаммис пен жиені Тарафаға ашуланып Бахрейнге бір іспен жұмсайды. Бахрейндегі әл-Мукағбир есімді адамына хат алып баруын өтінеді. Екеуенің қолына екі хат беріп, шығарып салады. Хатып алып шыққан Муталаммис Амрдің әрекетінен күмәнданып жиеніне хатты оқы дейді. Дегенмен Тарафа оқудан бас тартады. Жиеніне оқыта алмаған Муталаммис жол бойында Хиралық бір жас баланы кезікітіріп, соған оқытады. Хаттың ішінде Муталаммисті өлтір деп жазылған екен. Бұны естіген Муталаммис Тарафаға қарап саған солай жазылған шығар ашып оқып көрелік дейді. Тарафа келіспейді. Осы жерден екеуі айырылады. Дегенмен Тарафа Бахрейнге жеткен соң өлтіріледі. Екеуінің де хаттарының мәтіні бір болған екен.[5]

Тарафа Бахрейнге жетке соң Амр ибн Һиндке бағынышты әл-Мукағбирдің қолынан қаза табады. Кей жерде Тарафаны өлтірген адам Рабиғ ибн Жаусара немесе Рабиға ибн әл-Харис әл-Абди деп келген.[6] Ал Муталаммис Ирак жеріне Шам еліне қоныс аударып сол жерде қартайғанша өмір сүреді. Осы аймақта һижреттен бұрын 42 жылы шамамен 570 ж. қайтыс болады. [7]

Муталаммистің шығармалары

  1. «Ашғарул Муталаммис» (Муталаммистің поэзиясы). 1903 ж. К.Воллерстің басшылығымен кітап етіп жарияланған.[8], [9]
  2. Диуанул Муталаммис. әл-Асмағи жинақтаған.
  3. Шарх диуанул Муталаммис. Әбу Убайда Муғмар. Каир.
Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы. (Басқа сайтқа гиперсілтемесіз, әсіресе “Википедияға” көшіруге қатаң тыйым салынады.)


[1] әл-Шиғру уәл Шуғара. (Поэзия және шайырлар). 86-бет.

[2] Әл-Мунжид фил ағлам. Дар әл-Машриқ баспасы. Бейрут. 2003. 519 бет.

[3] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. 1-том. Карл Брокельман. Араб тіліне аударған: Абдулхалим әл-Нажжар. Дар әл-Мағариф баспасы. Каир. 93-бет.

[4] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. 1-том. Карл Брокельман. Араб тіліне аударған: Абдулхалим әл-Нажжар. Дар әл-Мағариф баспасы. Каир. 93-бет.

[5] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 156 бет.

[6] әл-Шиғру уәл Шуғара. (Поэзия және шайырлар). 91-бет.

[7] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 157 бет.

[8] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 158 бет.

[9] Die Gedichte des Mut., ar. u. deutsch a. K.Vollers, Leipzig 1903.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s