Негізгі бет > Араб әдебиеті, Араб әдебиетінің тарихы, Жаһилиет дәуірі, Сарай шайырлары > Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің Сарай шайырлары: Ади ибн Зайд. (Ұ.Алиакбарұлы.)

Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің Сарай шайырлары: Ади ибн Зайд. (Ұ.Алиакбарұлы.)


Ади ибн Зайд (?-590[1]). Ади инб Зайд (عدي بن زيد) ибн Хамад ибн Аййуб. Хираның христиан әл-Ғибад тайпасынан. Ади Хирада туылып, балалық шағы да осында өткен. Араб, парсы тілдерін меңгерген. Адидің отбасы әл-Муназара патшалығына жақын жерде өмір сүрген. Осы себепті атасы, әкесі, өзі, ұлы сарайда парсыларға қызмет атқарған. Адидің атасы Хаммад осы отбасының алғаш жазуды білген адамы. Хаммад сарай жазушысы, ал әкесі Зайд парсы патшасының сарайында қызметте болды. Әкесінің жолын қуған Ади де сарайда Һәрмаз 4-ке қызмет еткен.[2] 579 жылы парсы патшасы Ану Шеруан Адиді Константинопольға елші етіп жібереді. Қайтар жолында Дамаскіні зиярат етеді.[3]

Әбу Қәбус Нұғман ІІІ[4] Адидің арабтарға емес парсыларға көп қызмет етеді деп ренжілу болатын. Әл-Муназараға емес парсыларға қызмет етттің деген айыппен абақтыға жауып, шамамен 604 жылы түрмеде өтіреді.  Адидің өлтірілуімен парсы мен әл-Муназара арасында шайқас басталады. Нәтижесінде әл-Муназара патшалығы құлайды.

Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы. (Басқа сайтқа гиперсілтемесіз, әсіресе “Википедияға” көшіруге қатаң тыйым салынады.)


[1] Әл-Мунжид фил ағлам. Дар әл-Машриқ баспасы. Бейрут. 2003. 372 бет.

[2] Әл-Мунжид фил ағлам. Дар әл-Машриқ баспасы. Бейрут. 2003. 372 бет.

[3] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 184 бет.

[4] Нұғман Адидің қайынатасы. Әйелі Һиндтің әкесі. Қараңыз: Әл-Мунжид фил ағлам. Бейрут. 2003. 372 бет.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s