Негізгі бет > Араб әдебиеті, Араб әдебиетінің тарихы, Жаһилиет дәуірі, Сарай шайырлары > Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің Сарай шайырлары: Алқама әл-Фахл. (Ұ.Алиакбарұлы.)

Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің Сарай шайырлары: Алқама әл-Фахл. (Ұ.Алиакбарұлы.)


Алқама әл-Фахл. (?-598[1]). Толық есімі: Алқама ибн Абда ибн әл-Нұғман (علقمة الفحل). Тамим руының Бәни Рабиға тайпасынан. Имрул Қастың замандасы. Әл-Харис ибн Аби Шамир әл-Ғассани жайлы мадақ өлеңдер айтқан. Әл-Харис Алқаманың Шас есімді бауырын Бәни Тамимнің жетпіс жігітімен тұтқынға алады. Осы уақытта Алқама әл-Хариске арнаған мадақтама өлеңдерін шығарған. Әл-Харистен соң Хираның патшасы Нұғман Әбу Қәбустың сарайында болады.[2]

Фахл Алқаманың лақабы. Сол уақытта Алқаманың «Алқама ибн Саһл» есімді замандасы болса керек. Алқамаға Фахл лақабты ибн Саһлден ажырату үшін атаса керек.

Алқама һижреттен 3 жыл өткен соң 625 жылы қайтыс болды деген мәлімет бар. Дегенмен бұл мәліметті әл-Заркали жоққа шығарып, Алқама һижреттен 20 жыл бұрын 603 жылы дүние салған дейді.[3]

Алқаманың шығармалары:

  1. Диуан Алқама әл-Фахл. Каир 1293 және 1324 һижри жылдары.
  2. Алқама әл-Фахл поэзиясы. Альберт Социн. Лейпциг. 1867 ж.
  3. Шарх диуан Алқама. Мұхаммед ибн Шанаб. Алдир. 1925 ж.
  4. Диуан Алқама әл-Фахл. Ахмад Сақр. Каир. 1353 һижри жылы.
Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы. (Басқа сайтқа гиперсілтемесіз, әсіресе “Википедияға” көшіруге қатаң тыйым салынады.)


[1] 2003 жылғы Бейрутте Дар әл-Машриқ баспасынан шыққан «әл-Мунжид фил ағламның» 377 бетінде Алқама 598 жылы, сол кітаптың 677 бетінде 603 жылы дүние салған деп жазылған. Алдыңғы мәлімет қате болса керек. Себебі Умар Фаррухтың кітабында да 603 жылы деген мәліметтер келтірілген. (Ұ.А).

[2] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 214 бет.

[3] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 214 бет.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s