Негізгі бет > Араб әдебиеті, Араб әдебиетінің тарихы, Жаһилиет дәуірі, Сарай шайырлары > Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің Сарай шайырлары: Әл-Набиға әл-Зубйяни. (Ұ.Алиакбарұлы.)

Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің Сарай шайырлары: Әл-Набиға әл-Зубйяни. (Ұ.Алиакбарұлы.)


Әл-Набиға әл-Зйубяни. (?-604). Хира патшаларының сарайы ақындарынан болған жаһилиет дәуірінің христиан шайыры.[1]

Әл-Набиғаның толық есімі: Зияд бин Мұғауия бин Сағд бин Зубйян. 530 жылы Муһалһил қайтыс болған соң Хира патшалығында сарай ақындарының қатарына қосылады. Сарайда әл-Мунзир ибн Маус Сама жайлы өлеңдер шығарады. 554 жылы таққа Амр ибн Һиндтің келуімен әл-Набиғаның Хира сарайындағы шайырлығына нүкте қойылады. Хирадан кеткен әл-Набиға ғассандықтар патшалығына жол тартады. 569 жылы Амр ибн Һиндтің өлімінен соң Хира патшалығының тағына Нұғман Әбу Қәбус келеді. Нұғманның таққа отырғанын естіген әл-Набиға Хираға қайта оралады. Сарай шайырларының қатарына қайта қосылып Нұғманды мақтап өлеңдер шығара бастайды. Дегенмен Әбу Қәбустың әйелін сипаттап өлең шырарып Нұғманның ашуына қалады. Осылайша Хирадан ғассандықтар патшалығына қайта кетеді. Екі патшалықтың арасында жүрген әл-Набиға қартайған шағында 604 жылы дүние салады. [2]

Әл-Набиғаның шығармалары:

  1. Диуан әл-Набиға Зубйяни. Париж. 1869 ж. 1899 ж.
  2. Диуан әл-Набиға Зубйяни. Каир. 1293 һижри жылы.
  3. Диуан әл-Набиға Зубйяни. Бейрут. 1929 ж.
  4. Диуан әл-Набиға Зубйяни. Каир. 1351 һижри жылы.
  5. Диуан әл-Набиға Зубйяни. Бейрут 1960 ж.

Әл-Набиға Зубйяни жайлы жазылған кітаптар:

  1. Таудих уәл байан ъан шиғр Набиға Зубян. Набиға Зубянның поэзисы. Каир. 1910 ж.
  2. әл-Набиға Зубйяни. Сәлим әл-Жунди. Дамаск. 1945 ж.
  3. әл-Набиға Зубйяни. Умар әл-Дасуқи. Каир. 1949 ж.
  4. әл-Набиға Зубйяни. Мұхаммед Заки. Каир. 1960 ж.
  5. әл-Набиға. Илья Салим Хауи. Бейрут. 1960 ж.
Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы. (Басқа сайтқа гиперсілтемесіз, әсіресе “Википедияға” көшіруге қатаң тыйым салынады.)


[1] Әл-Мунжид фил ағлам. Дар әл-Машриқ баспасы. Бейрут. 2003. 567 бет.

[2] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 179 бет.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s