Негізгі бет > Араб әдебиеті, Араб әдебиетінің тарихы, Жаһилиет дәуірі, Сарай шайырлары > Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің Сарай шайырлары: Әл-Ағша. (Ұ.Алиакбарұлы.)

Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің Сарай шайырлары: Әл-Ағша. (Ұ.Алиакбарұлы.)


Әл-Ағша (?-629). Толық есімі – Әбу Басир Маймун бин Қайс бин Жандал. Йамамада Манфуха ауылында туылған. 629 жылы қайтыс болған. әл-Ағша (اَلأَعْشَى) әл-Кабир, әл-Ағша Қайс деген аттарымен әйгілі болған. Лақабы Саннажатул араб. «Ламия» атты қасида кітабы жазылған.[1]

Өлеңдерінде шараб жайлы көп жырлаған. Қартайған шағында Мұхаммед пайғамбар жайлы естиді. Оған арнап қасида шығарады. Пайғамбармен кездесу үшін шықанда Құрайштықтар оның мұсылан болуынан қорыққан. Құрайштардың басшылары Әбу Суфян: «Мұхаммед пен оның достары келгенде арабтың отты өлеңдерін жаудырып, қарсы шығатын адамға 100 түйе беріледі дейді. Бұны естіген әл-Ағша түйелерді алып кері қайтады. Қайтар жолында түйеден құлап, мойны үзіледі.[2]

Әл-Ағшаның өлең жазу стилі, атағы замандастары Имрул Қайс, Зуһайр, әл-Набиғалармен салыстырылады. Өлеңдері мақтау кейде даттау болып келген. Мақтауға байланысты әл-Мухаллақ оқиғасы бар. Мухаллақ арабтың ең пақыр, кедей адамы болған. Өсіріп отырған сегіз қызы болса керек. Кедей болған соң арабтардың ешбірі оның қыздарын айттырып келмейді әрі қыздары отырып қалған көрінеді. Бір күні Мухаллақтың әйелі күйеуіне үйге әл-Ағшаны шақырып қонақ қылайық деген ұсыныс айтады. Мухаллақ қолындағы жалғыз түйесін сойып әл-Ағшаны қонаққа шақырады. Мухаллақтың үйінде қонақ болған әл-Ағша ол жайында қасида шығарады. әл-Ағшаның қасида арабтардың арасына тарап, қыздарына құда түсіп келгендер көбейіп, барлық қызына күйеу табылады.[3]

Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы. (Басқа сайтқа гиперсілтемесіз, әсіресе “Википедияға” көшіруге қатаң тыйым салынады.)


[1] Әл-Мунжид фил ағлам. Дар әл-Машриқ баспасы. Бейрут. 2003. 52 бет.

[2] Тарихул әдәб әл-араби. Араб әдебиетінің тарихы. Ахмад Хасан. Дар наһдату Миср баспасы. Каир. 56 бет.

[3] Тарихул әдәб әл-араби. Араб әдебиетінің тарихы. Ахмад Хасан әл-Зият. Дар наһдату Миср баспасы. Каир. 57 бет

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s