Негізгі бет > Араб әдебиеті, Араб әдебиетінің тарихы, Жаһилиет дәуірі, Фурсан шайырлары > Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің әл-Фурсан шайырлары: Муһалһил. (Ұ.Алиакбарұлы.)

Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің әл-Фурсан шайырлары: Муһалһил. (Ұ.Алиакбарұлы.)


Муһалһил (?-531)[1] Толық есімі Әбу Ләйлә Ади ибн Рабиға (أبو ليلى المهلهل عدي بن ربيعة) ибн Жушам бин Бакр. Бәни Тағлиба оның ішінде Бәни Жушам руынан шыққан. Имрул Қайстың нағашысы, Амр ибн Кулсумның атасы.[2]

Жаһилиет заманының атақты шайыры. әл-Басус шайқасының батыры. Әл-Басус[3] шайқасында ағасы Уайіл тұтқындалған соң әскербасы болған. Кулайб[4] жайында көптеген өлеңдер шығарған. Муһалһил ағасына арнап әл-Риса және Ғазал жанрында да жырлаған шайырлардың қатарынан.

Әл-Басус арабтың Бәкр және Бәни Тағлиба руларының арасында шамамен 490-535 жылдары болған шайқас. Жассас ибн Мурра әл-Шайбәни өзінің және жездесінің түйесін бағады. Жассас Кулайбтың әйелінің туысы. Бір күні Жассастың жанына руластары келіп, әл-Басус[5] есімді түйесін бағып жүреді. Кулайб бөтен түйені көріп атып өлтіреді. Түйенің иелері ашуланып Жассасты көршісін құрметтемейді, қорғамайды деп айыптайды. Ашуға булыққан Жассас Кулайбты өлтіреді. Әл-Басус шайқасы 40 жылға созылып 534 жылы Жассастың өзіне қол жұмсауымен бітеді.[6] Муһалһил 530 жылы тұтқындалып өлтіріледі.

Муһалһил жайлы кітаптар:

  1. Муһалһил Рабиға тайпасының басшысы. Мұхаммед Фарид Әбу Хадид. Каир. 1949 ж.
  2. әл-Муһалһил жайлы қисса. Хасан Жауһар. Каир. 1957 ж.
Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы. (Басқа сайтқа гиперсілтемесіз, әсіресе “Википедияға” көшіруге қатаң тыйым салынады.)


[1] Әл-Мунжид фил ағлам. Дар әл-Машриқ баспасы. Бейрут. 2003. 552 бет.

[2] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 110 бет.

[3] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 110-111 беттер.

[4] Муһалһилдің ағасы Уәйілдің лақаб аты. (Ұ.А.)

[5] Жассастың нағашысының есімі болуы мүмкін. Әдеб:  Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 110 бет.

[6] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 110 бет.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s