Негізгі бет > 2014 жыл, Күнделіктен > Әскердегі бір күнім…

Әскердегі бір күнім…


шекара қызметіҚазіргі таңда әртүрлі дәстүрлі емес діни ағымдар жастардың санасын уландырып келе жатқаны баршамызды алаңдатуда. Елімізге, жұртымызға, халқымызға, ата-бабамыздан мирас болып қалған дәстүрлі дінімізге қауіп төндіріп тұрған қатерлі, жат сенімді уағыздап жүрген діни керағар ағымдардың алдын алу үшін бар күшін сарып етуге мемлекетіміздің әр бір азаматы қарсы тұруы қазіргі күннің басты мәселесі. 

Жәй ғана қарапайым адамнан бастап әскери қызметкерлердің өзі де секталардың қауіптілігін сезіп отыр. Осыған орай әскери қызметкерлер арасында әртүрлі діни ағымдарға жол бермеу және кері іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында 2014 жылдың 25 ақпан күні ОҚО Сарағаш қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі 2020 әскери бөлімінің басшылығының ұйымдастыруымен 2020 әскери бөлімнің әскери қызметкерлеріне діни керағар секталар туралы түсүсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Аталмыш іс-шараға дінтанушы-маман ретінде қатыстым. Іс-шараға ұйытқы болып, ұйымдастырылуына аса зор ықыласпен мән берген 2020 әскери бөлімінің командирі подполковник А.Жумашевке алғысым шексіз (шынымен).

шекара2020 әскери бөлімі командирінің орынбасары, тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары бөлімінің басшысы подполковник Н.Т.Шалахановпен бірге 2020 әскери бөлімінің офицерлері мен сержанттарына соңғы кездері дәстүрімізді аяқ асты етіп жүрген, мұсылмандық бағыттағы «Сәләфилік», «Хизбут тахрир», «Зікіршілер», «Таблиғ жамағаты» секілді діни жамағаттардың шығу тарихы, дінтеген арампиғылды ниеттері және негізгі белгілері мен оларды бір-бірінен ажырату жолдары барымды салып түсіндіріп бақтым.

Жалпы кездесу барысында «сунни», «шиға», «мазхаб» секілді діни терминдеріге түсіктемелер беруге тырыстым. Әскерилер арасында егер намаз оқитын азаматтар болса ең бірінші Отанды қорғаудың парыздығы маңызды екендігі түсіндірілді. Отанды қорғау парыз. Отанымыз шекарашы әскерилердің қорғалуының арқасында біз секілді Қазақстан азаматтары түн ұйқысын тыныш өткізіп, ұйықтай алатындығын айтып, өз алғысымды білдірдім. Егер белгілі бір шекарашы өз құлшылығын орындау уақытында керағар ағымның мүшесі, әскеридің құлшылық етіп жатқан уақытын пайдаланып шекара басып өтіп кетсе жауап беретіндігін түсіндірдім. Ондай уақытта өзіне берілген орынды күзету, жеке құлшылығына қарағанда маңызды. Себебі құлышық адамның жеке өз міндеті, өзінің сауабы, ал елді, жерді Отанды қорғау жалпы жұртымыздың тыныштығы үшін жасалатын абыройлы міндет.

Әскерилердің қойылған сұрақтарына шамамның келгенінше жан-жақты әсіре әскери өмірмен байланыстырып түсіндіруге тырыстым. Әскерилердің өмірі қызықты екен, өзіме ұнады.

Мүмкін қонақ болып барған соң ұнаған шығар деп қоям. Әйтпесе шыны керек сарбаз болып, әскер қатарында жүріп, әскери өмірдің дәмін татып көрген емеспін.

Сарбаздармен бірге таңғы, түскі, кешке асты бірге іштім. Ас мәзірі рестораннан кем емес. Ойымызда бұдан артық не керек екен деген сауал туды.

Әскери бөлімде үйренгенім бар, есімнен шықпай тұрып жазайын:

Әскерге бармаған соң әскери шендерді, жұлдыздарының айырмашылығын білмейтін. Офицерлік составты үйреніп алдым. Сержанттық состав қиын боп жүр еді. Осы барғанымда егжей-тегжейлі сұранып үйреніп алдым.

Түстіктен соң 2020 әскери бөліміне қарасты “Сарыағаш” шекара заставасының жауынгерлерімен кездестік. Ол жерде де керағар ағымдар жайлы сөз қозғалып, сарбаздардың сұрақтарына жауап берілді. Кешке қарай Сарыағаш қаласынан шамамен 70 шақырым жерде орналасқан 2020 әскери бөліміне қарасты “Жуан төбе” шекара заставасында әскери қызметкерлермен кездесіп, бұл жердегі шекарашы әскерилерге керағар ағымдар жайлы түсіндірме жұмысын жүргіздім. “Жуан төбе” деген сөз құлағыма жағып естілді. Туған жерім Жуантөбе ауылы болған соң әрине ))).

Бір өкініштісі жүрген жерімді суретке түсіре алмағандығым. Әйтпесе темір сыммен (колючая проволока) қоршалған шекараның түбінде тұрып түскен кадр ерекше болады ғой.

Осылайшы бір күндік іс-сапарымыз, әскерилермен кездесуіміз соңына еріп, Шымқалаға бет алдым.

Ұлықбек Алиакбарұлы

Сурет: http://kz.otyrar.kz

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s