Негізгі бет > Араб әдебиеті, Араб әдебиетінің тарихы, Жаһилиет дәуірі, Фурсан шайырлары > Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің әл-Фурсан шайырлары: Хатим әл-Тайи. (Ұ.Алиакбарұлы.)

Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің әл-Фурсан шайырлары: Хатим әл-Тайи. (Ұ.Алиакбарұлы.)


Хатим әл-Тайи (?-578)[1]. Толық есімі Хатим ибн Абдулла ибн Сағд әл-Тайи (حاتم بن عبد الله بن سعد الطائي). Лақаб аты Әбу Сәффәнә.[2] Анасы да Тай тайпасынан Анба бинт Афиф. Бас мәліметтерде анасының есімі Ғутба[3] деп келген. Ғабид ибн әл-Абрас пен Набиға әл-Зибяниді көрген. Ол екеуі Нұғманның[4] жанында шайыр болып жүрген уақытта Хатим бала болса керек.[5]

Хатим әкесінен жастайынан қалып анасы тәрбиелейді. Анасы Анба бай әйелдің бірі әрі байлығын паңсынбайтын қолы ашық жандардың қатарынан болған.[6]

Хатим екі рет үйленген. Бірінші әйелі Науар, екіншісі Йемен патшасының қызы Мауия бинт Ғафраз. Абдулла, Ғади және Сәффәнә есімді балалары болған.[7] Соңғы екеуі исламды қабылдап мұсылман болған.[8]

Хатимнің мінез құлқы жайлы қызы Сәффәнә былай дейді: Бір күні Аллаһ Елшісінің алдында едім. Мұсылмандардың қолына тұтқынға түскен едім. Әкем мені босатып алуға келген еді. Осы уақытта әкем қорғансызға қамқоршы болып, жарлыға жәрдем беріп, ашты тойдырып, жаралыға көмек беріп жүрген болатын. Әкемнің осы әрекеттерін көрген пайғамбар «бұл мұсылманның сипаты», егер әкең мұсылман болғанда оған мәрхамат етер едік деді. Сөйттіде жанындағыларға «мына қызды босатыңдар» әкесі мінез құлқы жақсы адам екен деп мені тұтқыннан босатып жіберді.[9] Басқа бір мәлімет бойынша Хатимнің қызы мұсылмандардың қолына түскенде Сәффәнә: «Мен қорғансызға қамқоршы болып, жарлы мен жаралыға жәрдем беріп, ашты тойдырған адамның қызымын» дейді. Аллаһ Елшісі бұл мұсылманның сипаты. Бұның әкесі жақсы мінез құлық иесі екен. Аллаһ ондай адамды жақсы көреді, қызын босатыңдар деген екен.[10]

Хатим алпысты шамалап һижреттен 15 жыл бұрын 607[11] жылы Ислам діні келместен бұрын қайтыс болған деген мәлімет бар.[12]

Хатимнің шығармалары: [13]

  1. Диуан Хатим әл-Тайи. Ризқулла Хассун. Лондон 1872 ж.
  2. Диуан Хатим әл-Тайи. Бейрут. 1888 ж.
  3. Диуан Хатим әл-Тайи. Шультз. Лейпциг. 1897.
  4. Диуан Хатим әл-Тайи. Кәрм Бустани. Бейрут. 1953 ж.

Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы. (Басқа сайтқа гиперсілтемесіз, әсіресе “Википедияға” көшіруге қатаң тыйым салынады.)


[1] Әл-Мунжид фил ағлам. Дар әл-Машриқ баспасы. Бейрут. 2003. 677-бет.

[2] Тарих Әдәб әл-Луға әл-арабия. І-том. Жоржи Зидан. Дарул һиләл баспасы. 125 бет.

[3] «Китаб шуғараи әл-Насрания» (Христиан ашйырлар) 1-том. 98 бет. Лиюс Шейху әл-Йасуғи. Бейрут. 1890 ж.

[4] Әл-Манзураның патшасы. (Ұ.А)

[5] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 187 бет.

[6] Тарихул әдәб әл-араби. Араб әдебиетінің тарихы. Ахмад Хасан әл-Зият. Дар наһдату Миср баспасы. Каир. 73 бет.

[7] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 187 бет.

[8] Тарихул әдәб әл-араби. Араб әдебиетінің тарихы. Ахмад Хасан әл-Зият. Дар наһдату Миср баспасы. Каир. 73 бет.

[9] Тарихул әдәб әл-араби. Араб әдебиетінің тарихы. Ахмад Хасан әл-Зият. Дар наһдату Миср баспасы. Каир. 73 бет.

[10] «Китаб шуғараи әл-Насрания» (Христиан ашйырлар) 1-том. 98 бет. Лиюс Шейху әл-Йасуғи. Бейрут. 1890 ж.

[11] Заркалидің «Ағлам» кітабында Хатим һижреттен бұрын 46 жылы, 578 жылы қайтыс болды деп жазылған.

[12] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 187 бет.

[13] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 188 бет.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s