Негізгі бет > Араб әдебиеті, Араб әдебиетінің тарихы, Жаһилиет дәуірі, Фурсан шайырлары > Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің әл-Фурсан шайырлары: Дурайд бин әл-Сыммә. (Ұ.Алиакбарұлы)

Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің әл-Фурсан шайырлары: Дурайд бин әл-Сыммә. (Ұ.Алиакбарұлы)


Дурайд бин әл-Сыммә (?-630).[1] Толық есімі: Әбу Амр Муғауия бин әл-Харис бин Муғауия бин Бәкр бин Алқама бин Ғузаййа бин Жушам бин Муғауия ибн Бәкр бин Һәуәзан.[2] Дурайд лақаб аты, әл-Сыммә (دريد بن الصمة) әкесінің лақабы. Әбу Қурра деген де лақаб аты болған. Анасы Райхана бинт Мағди Кәриб. Әкесі Бәну Жушамның 584 жылы әл-Фижар шайқасында әскербасы болып осы шайқаста мерт болады. Дурайдтың өзіде көптеген ғазауат-шайқастарда әскербасы болған. Өзінен басқа Абдулла, Абда Йағус, Қайс және Халид есімді бауырлары болған. Барлығы өзінің көзі тірісінде шайқастарда қайтыс болып кеткен. Абдулла Ғатфандықтардың қолынан қаза тапқан, Абда Йағус Бәну Маррадан, Қайсты Бәну Әби Бәкр бин Киләб, Халидты Бәну әл-Харис бин Килаб өлтірген.[3]

Дурайд 100 шайқасқа қатысқан деген мәлімет бар.[4] Көбіне көп мұсылмандармен шайқасқан.[5] әл-Фижар шайқасында әкесі әл-Сыммә 590 жылы қайтыс болған соң Бәну Кинана мен Бәну Суләйм арасында соғыс басталып кетеді. Осы соғыста Дурайд Бәну Суләймге қарсы Бәну Жушамды бастап шығады. Осы шайқаста бауыры Абдулла жан беріп Дурайд тұтқанға түседі.

Ислам діні келуімен Дурайд мұсылман болудан бас тартады. Бәну Һәуәзан мұсылмандарға қарсы Хунайн шайқасында Дурайдты ертіп шығады. Шайқастың бірінші жартысында мұсылмандар жеңіліс тауып, шайқасытың соңында мұсылмандар жеңеді. Хунайн шайқасында 630 жылы Дурайд мушрик[6] ретінде өлтіріледі.[7]

Дурайдтың пэзиясы көбіне бауырларын жоқтауға арналған.

Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы. (Басқа сайтқа гиперсілтемесіз, әсіресе “Википедияға” көшіруге қатаң тыйым салынады.)


[1] Әл-Мунжид фил ағлам. Дар әл-Машриқ баспасы. Бейрут. 2003. 243 бет.

[2] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 228 бет.

[3] Әййәмул араб фил жәһилия. Құрастырғандар: Мұхамед әл-Мәуләбек, Али Мұхаммед әл-Бәжәуи, Мұхамед Әбул Фадл Ибраһим. Бейрут. 293 бет.

[4] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 229 бет.

[5] Әл-Мунжид фил ағлам. Дар әл-Машриқ баспасы. Бейрут. 2003. 243 бет.

[6] Аллаға серік қосушы. Әдетте ислам келген уақытта мұслылман болмағандарға мушрик деген термин қолданылған. (Ұ.А.).

[7] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 229 бет.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s