Негізгі бет > Араб әдебиеті, Араб әдебиетінің тарихы, Жаһилиет дәуірі, Фурсан шайырлары > Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің әл-Фурсан шайырлары: Мәлик бин Нууайра. (Ұ.Алиакбарұлы)

Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің әл-Фурсан шайырлары: Мәлик бин Нууайра. (Ұ.Алиакбарұлы)


Мәлик бин Нууайра (?-634). Толық есімі: Мәлик бин Нууайра (مالك بن نويرة) бин Шаддад Бәни Сәғләбә бин Йарбуғ Бәни Тәмим.[1]

Исламды қабылдап кейін мұсылманшылықтан бас тартқан жаһилиет дәуірінің шайыры. Муртад[2] болған соң Халид ибн Уәлидтің қолынан қаза тапқан.[3]

«Әййәмул араб фил жәһилия» (Жаһилиет дәуіріндегі арабтар) кітабының 203 бетінде Мәликтің Мутмим деген атпен де аталғандығы жазылған. Дегенмен Мутмим Мәликтің бауыры болуы мүмкін. «Жамһарату ашғарил араб» кітабында Мутмим бин Нууайраның поэзиясына тоқталған. Аталмыш кітапта Мутмимнің Мәлик деген ағасы болған деп жазылған.[4]

Мәлик халифа Әбу Бәкрдің заманында зекет төлеуге қарсы болғандардың қатарынан болып өлтірілген.[5]

Ислам діні келгенде Мәлик бауыры Мутмимнің руы толығымен мұсылманшылықты қабылдайды. Мұхаммед пайғамбарға адал қызметте болады. Мұхаммед пайғамбарды дүниеден озуымен көптеген араб тайпалары орталыққа Медине қаласына бағынудан бас тартады. Солардың бірі Мәликтің руы болатын. Зекет төлеуден бас тартқан араб тайпаларына қарсы халифа Әбу Бәкр жасақ дайындап, басшы ретінде Халид ибн Уәлидті тағайындайды. Осы шайқаста Мәлик қолға түсіп мерт болады.[6]

Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы. (Басқа сайтқа гиперсілтемесіз, әсіресе “Википедияға” көшіруге қатаң тыйым салынады.)


[1] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 301 бет.

[2] Муртад исламнан шыққандарды атайтын термин. (Ұ.А.)

[3] Әл-Мунжид фил ағлам. Дар әл-Машриқ баспасы. Бейрут. 2003. 515 бет.

[4] Жамһарату ашғарил араб. Фил жаһилия уәл ислам. Әбу Зайд Мухаммад Әбул Хаттаб әл-Қураши.1981. 267 бет.

[5] Жамһарату ашғарил араб. Фил жаһилия уәл ислам. Әбу Зайд Мухаммад Әбул Хаттаб әл-Қураши.1981. 594 бет.

[6] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 301 бет.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s