Негізгі бет > Араб әдебиеті, Араб әдебиетінің тарихы, Басқа шайырлар, Жаһилиет дәуірі > Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің басқа шайырлары: Әл-Мураққаш әл-Акбар. (Ұ.Алиакбарұлы)

Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің басқа шайырлары: Әл-Мураққаш әл-Акбар. (Ұ.Алиакбарұлы)


Әл-Мураққаш әл-Акбар (?-550).[1] Негізгі есімі Ауф, басқа жерде Амр деп келген.[2] Әл-Мураққаш әл-Акбар (المرقش الأكبر) лақаб аты. Толық есімі: Ауф бин Сағд бин Малик. Әл-Мураққаш әл-Акбар шамамен 500 жылы Йеменде дүниеге келген. Балалық шағы Ирақ жерінде өтеді. Осында арабша жазу, сызуды үйренеді. [3] әл-Мураққаш Жаһилиет дәуіріндегі басқа шайырлардан жаза алатындығымен ерекшеленеді. Әкесі әл-Мураққашты Хираның христиандарына ақы төлеп оқытады.[4]

Әл-Мураққаш әл-Акбар 524 жылы әл-Харис бин Әби Шәмир әл-Ғассанимен жолығады. әл-Мураққаш әл-Харис жайлы мадақ өлеңтер айтқан соң, сарайға жазушы ретінде жұмысқа қабылданады. әл-Басус шайқасы басталғанда Әл-Мураққаш әл-Акбар ерлігімен көзге түседі. Осы шайқаста әкесі әскер бастап, жауға қарсы шығады. [5]

Әл-Мураққаш әл-Акбардың Тарафа және әл-Ағшамен туыстық жақындығы болған.[6]

Әл-Мураққаш әл-Акбарды Жаһилиет дәуіріндегі «ғашық шайырлар» атанған топқа жатқызуға болады. Ғашықтығы жайлы кітаптарды төмендегідей оқиға баян етіледі.

Әл-Мураққаш әл-Акбар бала күнінде-ақ көкесі Ауфтың Әсма есімді қызына ғашық болады. Көкесі Әл-Мураққаш әл-Акбарға «Батырлық не екендігін білмейінше қызымды бермеймін» дейді. Ауф Әл-Мураққаш әл-Акбардың кеткенін білген соң қызын Бәни Мурад тайпасынан келген жігітке 100 түйеге беріп жібереді. Елге қайта оралған Әл-Мураққаштан бұл хабарды жасырады. Әсманың күйеуге берілгенін естіген ол жанына Ғафилә тайпасынан досын ертіп Бәни Мурадтан келген жігітті іздеп шығып кетеді. Жолда Әл-Мураққаш әл-Акбар науқастанады. Науқастанған Әл-Мураққаш бір үңгірге орналасып өлең шығарады. Әл-Мураққаштың бір жапырақ қағазын Ғафиләлық жігіт елге жеткізіп Әл-Мураққаш қайтыс болды дейді. Бірақ Әл-Мураққаштың бауыры Хармәлә сенбейді. Мәйітін өз көзімен көру үшін жолға шығады. Үңгірге келіп жеткенде Әл-Мураққаш Әсма мен күйеуінің жанында екендігі белгілі болады. Әл-Мураққаш Әсманы көру үшін қулық жасаған деседі. Осылайша Әсманың жанына жеткізіледі. Бірақ көп ұзамай қайтыс болады.[7]

Әл-Мураққаш ғашық болғанды себеп болса керек, көбінесе ғазал жанрында жырлаған. Әл-Мураққаштың «әл-Муфаддалиятта» 12 қасидасы келгендігі жазылған. Ғазалдан басқа «әл-Хамаса», «әл-Фахр» жанрында және түйені сипаттаған өлеңдері де болған.[8]

Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы. (Басқа сайтқа гиперсілтемесіз, әсіресе “Википедияға” көшіруге қатаң тыйым салынады.)


[1] Әл-Мунжид фил ағлам. Дар әл-Машриқ баспасы. Бейрут. 2003. 677 бет.

[2] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 129 бет.

[3] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 129 бет.

[4] Тарих Әдәб әл-Луға әл-арабия. І-том. Жоржи Зидан. Дарул һиләл баспасы. 136 бет.

[5] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 129 бет.

[6] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. 1-том. Карл Брокельман. Араб тіліне аударған: Абдулхалим әл-Нажжар. Дар әл-Мағариф баспасы. Каир. 102 бет.

[7] Тарих Әдәб әл-Луға әл-арабия. І-том. Жоржи Зидан. Дарул һиләл баспасы. 137 бет.

[8] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 129 бет.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s