Негізгі бет > Араб әдебиеті, Араб әдебиетінің тарихы, Жаһилиет дәуірі, Фурсан шайырлары > Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің әл-Фурсан шайырлары: Амир ибн әл-Туфайл. (Ұ.Алиакбарұлы)

Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің әл-Фурсан шайырлары: Амир ибн әл-Туфайл. (Ұ.Алиакбарұлы)


Амир ибн әл-Туфайл (555-635)[1] Толық есімі: Амир бин әл-Туфайл (عامر بن الطفيل) бин Мәлик бин Жағфар Бәни Амир бин Сағсаға. Анасы Кәбәша бинт Уруа. Амир һижреттен бұрын 67 жылы Нәждте дүниге келген. Амир көптеген шайқастарда әскербасы болып, тайпасын жауға қарсы бастаған. Сондай шайқастың бірі Файфа әл-Рих соғысында Мусһил бин Йазид әл-Хариси Амирдің көзінен ұрып жаралайды. Нәтижесінде Амир бір көзінен айырылады.[2]

625 жылы Мұхаммед пайғамбар Нәжд халқын Ислам дініне шақыруға 40 кісі жібереді. Мұсылмандар Бәни Амир және Бәни Сулайм жерлерінің шекарасында орналасқан Мағуна құдығына келеді. Амир Бәни Сулайм руының Риғл және Закауан тайпасынан бір топ жігітті алып мұсылмандарды қырып салады. 629 жылы Бәни Амир руы Медине қаласына Мұхаммед пайғамбарға исламды қабылдауға келеді. Араларында Амир және Әрбад бин Қайс болатын. Бірақ Мұхаммед пайғамбар ол екеуін қабылдамай қояды.[3] Себебі Амир пайғамбардан бүкіл сахараға патша етуін сұраған екен.[4] Амир Мединеден қайтып келе жатып оба ауруына шалдығып, қайтыс болады. Амир бедеу болғандығы себепті артында ұрпақ қалмаған.[5]

Шығармалары:

  1. Диуан Амир ибн әл-Туфайл. Лондон. 1913 ж.
  2. Диуан Амир ибн әл-Туфайл. Бейрут. 1959 ж.
Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы. (Басқа сайтқа гиперсілтемесіз, әсіресе “Википедияға” көшіруге қатаң тыйым салынады.)


[1] Әл-Мунжид фил ағлам. Дар әл-Машриқ баспасы. Бейрут. 2003. 363 бет.

[2] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 219 бет.

[3] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 219 бет.

[4] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. 1-том. Карл Брокельман. Араб тіліне аударған: Абдулхалим әл-Нажжар. Дар әл-Мағариф баспасы. Каир. 117 бет.

[5] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 219 бет.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s