Негізгі бет > Араб әдебиеті, Араб әдебиетінің тарихы, Жаһилиет дәуірі, Фурсан шайырлары > Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің әл-Фурсан шайырлары: Амр ибн Мағдикариб. (Ұ.Алиакбарұлы)

Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің әл-Фурсан шайырлары: Амр ибн Мағдикариб. (Ұ.Алиакбарұлы)


Амр ибн Мағдикариб (?-641).[1] Толық есімі: Амр ибн Мағдикарид (عمرو بن معد يكرب) бин  Абдулла бин Амр бин Зәйд. Йемендік жәһилиет дәуірінің шайыры. Дурайд бин әл-Симманың нағашысы. Амр шамамен 547[2] жылы дүниеге келген. Жаһилиет заманында көптеген шайқасқа қатысып батылдығымен аты шыққан, өз тайпасының басшысы болған. 631 жылы Амр руластарымен бірге Мұхаммед пайғамбарға еліп ислам дінін қабылдайды. Бірақ пайғамбар қайтыс болған соң әл-Әсуәл әл-Ғанасимен бірге Йеменде муртад болып діннен шығады. Дегенмен халифа Әбу Бәкрдің заманында мұсылмандардың қолына тұтқынға түсіп, қайта мұсылман болады. Ирақ жерінің халифалыққа қосылуының куәсі болады. Йармук шайқасына қатысады. 21 һижри жылы Наһауанд шайқасында Парсы жерінде шаһид болып, Персияның Асфизаһан атты жеріне жерленеді.[3]

Қайтыс болған уақыты халифа Умар ибн әл-Хаттаб халифалығының соңғы жылдары болатын.[4]

Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы. (Басқа сайтқа гиперсілтемесіз, әсіресе “Википедияға” көшіруге қатаң тыйым салынады.)


[1] Әл-Мунжид фил ағлам. Дар әл-Машриқ баспасы. Бейрут. 2003. 380 бет.

[2] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 275 бет.

[3] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 276 бет.

[4] Тарих Әдәб әл-Луға әл-арабия. Араб тілі әдебиетінің тарихы. І-том. Жоржи Зидан. Дарул һиләл баспасы. 129 бет.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s