Негізгі бет > БАҚ (СМИ) не дейді? > «Шымкент қаласында медиа-нарықтың дамуы және ақпараттық саясаттың өзектілігі» тақырыбында семинар өтті

«Шымкент қаласында медиа-нарықтың дамуы және ақпараттық саясаттың өзектілігі» тақырыбында семинар өтті


2014 жылы 22 сәуір күні «Жаңа дәуір» қоғамдық бірлестігі мен ҚР Журналистер Одағы ОҚО филиалының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан журналистеріне арналған «Шымкент қаласында медиа-нарықтың дамуы және ақпараттық саясаттың өзектілігі тақырыбында» семинар өтті. Іс шараның өтуіне Шымкент қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі әлеуметтік мемлекеттік тапсырысы аясында қолдау білдірді.
Семинарға 30-ға жуық жергілікті БАҚ тілшілері қатысты. Семинарда ҚР Журналистер Одағы ОҚО филиалының төрайымы А.Қапбарова, «Жаңа дәуір» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Т.Молдахметова ашып, сөз сөйледі.
Семинардың мақсаты – журналистердің кәсіби шеберлігін шыңдау, ақпараттық саясаттың өзектілігін жеткізу. Семинарда Филология ғылымының докторы, профессор, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Сейдулла Садықов, медиа-заңгер Ләззат Қыдырова, ІТ-маманы, блоггер Ұлықбек Алиакбарұлы шеберлік сабақтарын өткізді.
Шымкент қаласын еліміздегі ірі медиа орталық деуге болады. Бүгінде мұнда 200-ге жуық газет-журналдар шығады. Сол себепті Шымкентте медиа-нарықты заман талабына сай дамыту қажеттіліктен туындайды.
Семинарда сондай-ақ, Интернет туралы заңнамалық актілер жайында сөз қозғай отырып, құқықтық, журналистік этикалық тәжірибелік сабақтар өткізілді. Бұл ретте заңнамалық актілердің халықаралық стандарттары жайында да арнайы лекция үйымдастырылды.
Қазіргі ақпараттық технологияның қарыштап дамыған заманында әлеуметтік желілердің рөлі мен ондағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері, БАҚ-тағы маркетинг, PR жарнама орналастыру м2селелері сөз болды.
Семинар соңында тақырыптар талқыланып, қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s