Негізгі бет > Салт Дәстүр > Бесіктің жасау-жабдықтары

Бесіктің жасау-жабдықтары


imagesЖас нәрестені бесікке бөлеу үшін төмендегідей жасау-жабдықтар қажет.

Ши. Бесік шабақтарының үстіне төселетін шиден тоқылған төсеніш. Түбек бекітілген тұсында ойығы болады.

Жөргек. Жұқа, талдырып басылған киіз төсеніш. Осыны кейде қаузау деп те атайды (қаузау киіз).

Құс төсек. Жөргектің үстіне төселетін арасына құс жүні салынып қабылған жұмсақ төсеніш. Оның да түбек түсетін тұсында ойығы болады.

Жастық. Бесіктің енімен сәйкес келетін, арасына құс жүні толтырылған кішкене жастық.

Көрпе. Жай матадан әзірленген көрпені жаздыгүні, ал арасына мақта салып қабылған көрпені қыстыгүні қолданады.

Кепіл. Нәрестенің жамбас тұсына, тізесіне кепіл ретінде арнайы тігілген бірнеше кішкене жастықшалар қойылады. Ол жастықшалар түбек орналасқан ойықтың төңірегіне төселеді.

Тартпа бау. Тартпа бауларды кейде таңғыш деп те атай береді, олар құр тәрізді биязы жіптен тоқылады. Немесе екі-үш қабат матаны сырып, бауларды ызып әзірлейді. Тартпаның біреуі бөленген, құндақталған нәрестенің көкірек тұсынан, екіншісі тізенің үстінен түседі. Тартпа баудың ұштары бесіктің екі жағындағы сабау ағаштарға таңылады.

Түбек. Түбек қыштан, көннен, күйдірілген саз балшықтан немесе мыс, жез қаңылтырдан әзірленеді. Қыстыгүні сыртына киіз, қайыс немесе былғарыдан тігілген қап кигізіп қояды. Түбектің түбіне сәл күл сеуіп қолданады.

Шүмек. Шүмекті ағаштан да сүйектен де әзірлеуге болады. Ұл баланың шүмегін асықты жіліктің асық тұрған басынан ойық ойып әзірлейді. Екінші қарама-қарсы басын шорт кесіп тастап, қырларын егеп жұмырлап қояды. Қыз баланың шүмегін ескі, көп ұсталып майсіңді болған уықтың қарынан (иінінен) жасайды, ойығын ұлдікіне қарағанда сәл сопақтау етіп ойған жөн. Шүмек баланың денесіне баптау үшін қырларын тегістеп жылтыратып, зәрді сорып алмауы үшін майға қайнатып алған соң пайдалана беруге болады.

Жабу. Бесіктің көлеміне сай, жұқа матадан тігілген, кестеленген арнаулы жабуы болады. Ол бесікке бөленген жас нәрестені маса-шыбыннан, желден, шаң-тозаңнан, күн көзінен, суықтан қорғайды.

 «Ұста Дәркембай атындағы қолөнер мұражайының» қолөнер ісі бойынша ғылыми қызметкері А.Аманғалиқызының “Бесік” мақаласынан үзінді.

Ақпарат көзі: “Дәстүр” ұлттық-этнографиялық журналы. № 3 (34) мамыр-маусым 2014 жыл.

  1. Азат
    Қараша 4, 2015, 10:46 pm

    Сәлеметсіздерме! Мен жақында қызды болдым. Ұл баланың шүмегінің қандай болатынын білетін едім, қыздікінің қандай екені мүлде бей мәлім. Интернеттен ақтарып таппадым, базардағы дайын шүмектен зәрін жайып қоя береді. Шүмектің қанюай болатынын суреті болса жіберсңіздер болар еді.

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s