Негізгі бет > Салт Дәстүр > Қазақ халқының ыдыс-аяқтарды сақтауға арналған жабдықтары

Қазақ халқының ыдыс-аяқтарды сақтауға арналған жабдықтары


Ежелден ыдыс-аяқтар арнаулы киіз қаптарда (аяққаптарда) немесе асадалда сақталған.

Адалбақан – азық-түлік ілетін ұзынша ағаш.

Қап – азық-түлік салу үшін кендірден, жүннен тоқылған ыдыс.

Қоржын – жіптен тоқылған екі бөлімді теңдеме.

Дорба – матадан немесе киізден тігіліп, құрғақ тағамдар салынады.

Жағылан – киізден немесе теріден жасалынған сандық.

Кебеже – сүрленген ет, құрт, май салып сақтауға арналған ағаштан ажасалған сандықша.

Шаң – үлкен бөшке тәрізді ыдыс.

Қанар – астық, мақта, жүн сақтайтын қап.

Қапшық – азық-түлік салуға арналған кішігірім кенеп қап.

Қобди – ұсақ-түйек зат салатын кішкене сауыт.

Борман – әртүрлі бұйым салатын ағаш жәшік.

Абажа – кебеженің үлкен түрі.

Түйемойнақ – түйенің мойын терісінен жасалған дорба.

Бұл жабдықтар заманында қажетке жарап қана қоймай, сонымен қатар үй ішіне сән беріп тұратын болған. Оларға түрлі ою-өрнектермен, күміспен әшекейленеді. Бұлар ыдыс-аяқты көшіп-қонғанда таза, жинақы ұстау үшін жасалынған бұйымдар.

Ақпарат көзі: “Дәстүр” ұлттық-этнографиялық журналы. № 3 (34) мамыр-маусым 2014 жыл.

  1. Мамыр 14, 2014, 1:21 pm

    Әлі күнгі дейін қап, қоржын, қанар, дорбаны қолданамыз. Қалғандарын қолданатындар бар ма екен?

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s