Негізгі бет > Салт Дәстүр > Қазақ халқының үй-тұрмысында күнделікті пайдаланған ыдыс-аяқтары

Қазақ халқының үй-тұрмысында күнделікті пайдаланған ыдыс-аяқтары


0000Қазақ халқы адыс-аяқтарды ағаштан, теріден, қыштан, жүннен, киізіден және шұғадан жасаған. Біздің халық тұрмысында ыдыстардың ағаштан жасалған түрлері кеңінен пайдаланылған.

Жуаз – май шайқайтын ыдыс.

Табақ – тағам сақтайтын, керсен – ағаш табақтың үлкені.

Зағыма – түбі таяз үлкен табақ.

Сарқым – сусын құятын тұтқалы ыдыс.

Ожау – сұйық құюға арналған шөміш.

Тегене – жиектелген тік ыдыс.

Тостаған – шағын ағаш аяқ.

Самар – етсалатын үлкен астау.

Күбі – қымыз, шұбат пісетін, май шайқайтын ыдыс.

Жылқының, өгіздің мойын терісінен жасалатын, қымыз қүюға арналған түрлі торсықтар бар. Ал қымыз ашытатын ең үлкен ыдыс – саба. Саба тұтас теріден тігіледі.

Торсық – сыйымдылығы  3-8 литр болатын қымызқұятын ыдыс.

Сүйретпе – қымыз сақтайтын ыдыс.

Бөрдек қымыз ашытатын торсық.

Піспек – қымыз пісіретін сапты құрал.

Бүйен, қарын – сарымай сақтауға арналған ыдыс.

Бұлқыншақ, меске, шанақ – сұйық ас құятын ыдыстар.

Көнек – бие саууға арналған шүмекті ыдыс.

Шанаш – тұз сақтайтын тері қапшық.

Қыштан жасалынған ыдыстар:

Құмыра – ұзын мойынды тұтқалы ыдыс.

Көзе – су қүюға арналған шағын ыдыс.

Кереңке – сүт құю үшін жасалған құмыра.

Халқымыз келген қонаққа қандай ыдысспен ас тартуына ерекше мән берген. Үйде сынық ыдыс-аяқ ұстамаған.

Ақпарат көзі: “Дәстүр” ұлттық-этнографиялық журналы. № 3 (34) мамыр-маусым 2014 жыл.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s