Негізгі бет > Араб әдебиеті, Араб әдебиетінің тарихы, Басқа шайырлар, Жаһилиет дәуірі, Әдебиет > Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің басқа шайырлары: Ғабид ибн әл-Абрас. (Ұ.Алиакбарұлы)

Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің басқа шайырлары: Ғабид ибн әл-Абрас. (Ұ.Алиакбарұлы)


Ғабид ибн әл-Абрас (?-600).[1] Толық есімі: Ғабид ибн әл-Абрас әл-Әсәди. Ғабид жастайынан өлең шығарған адам емес. Атағы қаншалықты жерді шарласа да өлеңдері соншалық аз болған. Жағдайы төмен, азға қанағат еткен жанның бір болса керек. Оның өлең шығарып, шайыр болуы жайлы төмендегідей риуаят бар.

Бір күні қарындасы Мауиямен бірге олжаға кенеледі. Дегенмен кедергі жасағандар табылып, олжасына ие бола алмай қалады. Олжадан айырылғанынан қынжылып қайтады. Үйіне келіп Құдайға жалбарынып «Пәленше ұрды, соқты, зұлымдық көрсетті. Маған оны жеңетін күш-қуат бер» деп дұға етіп, ұйықтап қалады. Ұйықтап жатып түс көреді. Түсінде бір адам қолында бір уыс зат бар, Ғабидке келіп әлгі қолындағы затты ерніне жақындатып, аузына салып жібереді. Кейін тұр дейді. Ол орнынан тұрған күйінде өлең шығара бастайды. Осы күннен бастап Ғабид Бәни Әсәд руының атақты шайырына айналады.

Муаллақаттар бөлімінде айтып кеткеніміздей әл-Тибризи Ғабид инб әл-Абрастың өлеңдерін Муаллақаттардың жанына 10-шы етіп қосқан.[2]

Ахмад әл-Амин әл-Шинқинтидің «әл-Муаллақат әл-ғашр уа ахбару шуғараиһа» кітабында Ғабид ибн әл-Абрасты Бәни Мәликтің бір адамы кекетіп, мұқатқандығы жазылған. Қарындасы Мауиямен бірге тапқан олжаларын алалмай қайтқан соң, қайтар жолында бір ағаштың көлеңкесіне барып отырады. Ағаштың көлеңкесінде жатқан Ғабидпен қарындасын Бәни Мәлик адамдары «Дауия[3]» деп келеке етеді. Арабтар дауия деген сөзді мазақ қылып, кемсіту үшін қолданады. Бұл жерде Ғабидті әпкесімен көрген соң, қосылып қоймаңдар дауия туылып жүрмесін дейді. Арабтар көкесінің қызын, нағашысының қызын алмайды. Ал қарындасымен жатқаны несі дейді. Намысы келген Ғабид қолын жайып Құдайға жалбарынған екен. Дұғасы қабыл болып, нәтижесін суырып салма ақын болады.[4]

Ғабид Имрул Қайстың әкесін келемеждеген өлеңдер шығарады. Имрул Қайстың әкесі Хажар Бәну Әсәдты өзіне бағындырып отырған уақыт болатын. Ғабидтың өлеңінен соң Хажар Бәну Әсәдқа салық жинау үшін өз елшісін жібереді. Бәну Әсәдтықтар жіберген адамды өлтіріп, қарсылықтарын білдіреді. Содан арада соғыс басталып кетеді. Соғыста Ғабид тұтқынға түседі. Бірақ Хажар Ғабидті босатады. Бәну Әсәд әскерін қайта жасақтап Хажарға қарсы шығып өлтіреді.[5]

Ғабид ұзақ өмір сүрен адамдардың бірі. Қартайған уақытында әл-Мунзир бин Мәуссаманың қолынан қаза табады. әл-Мунзирдің Бәну Әсәдтан бірге қосылып шарап ешетін екі досы болады. Ашу үстінде әл-Мунзир екі досын өлтіріп қояды. Ісіне өкінген әл-Мунзир достарының басына қабір тұрғызып, жылына екі рет зиярат ететін болады. Бірінші «әл-нағим» күнінде зиярат етеді. Осы күні қабыр басында отырған кімді бірінші кездестірсе оған 100 түйе береді. Екінші күні «әл-бусә» күні. Бұл күні кездескен адамды өлтіріп, қанын достарының қабіріне ағызады. Ғабид әл-Мунзирге екінші күнінде кездесіп, әл-Мунзир оны өлтіреді. Осылайша Ғабид жарық дүниемен қоштасады.[6]

Ғабидің қайтыс болған жылы әр түрлі келген. Зидан 555 жылы, әл-Шинқинти 605 жылы қайтыс болған десе. Әл-Мунжидте қайтыс болған жылы 600 және 554 деп келген.

Ғабид жайлы толық мәліметтерді «әл-Ағани» 19/84, «әл-Шиғру уә әл-Шуғарау» 143, «Шуғарау әл-насрания» 596 беттерінен кездестіруге болады.

Шығармалары:

  1. Диуан Ғабид ибн әл-Абрас. Лондон. 1913.
  2. Диуан Ғабид ибн әл-Абрас. Хусейн Нассар. Каир. 1957.
  3. Диуан Ғабид ибн әл-Абрас. Бейрут. 1958.

Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы. (Басқа сайтқа гиперсілтемесіз, әсіресе “Википедияға” көшіруге қатаң тыйым салынады.)

 ————————————–

[1] Әл-Мунжид фил ағлам. Дар әл-Машриқ баспасы. Бейрут. 2003. 370 бет.

[2] Тарих Әдәб әл-Луға әл-арабия. І-том. Жоржи Зидан. Дарул һиләл баспасы. 114 бет.

[3] Туыстардың некесінен туылған балаға айтылатын сөз. Қазақша байғұс деген мағына береді. (Ұ.А.)

[4] әл-Муаллақат әл-ғашр уа ахбару шуғараиһа. Он муаллақат және оның шайырлары. Құрас: Ахмад әл-Амин әл-Шинқинти. Дар әл-Наср баспасы. 60 бет.

[5] Тарих Әдәб әл-Луға әл-арабия. І-том. Жоржи Зидан. Дарул һиләл баспасы. 114-115 беттер.

[6] Тарих Әдәб әл-Луға әл-арабия. І-том. Жоржи Зидан. Дарул һиләл баспасы. 115 бет.

 

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s