Негізгі бет > Араб әдебиеті, Араб әдебиетінің тарихы, Басқа шайырлар, Жаһилиет дәуірі, Әдебиет > Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің басқа шайырлары: Әл-Самауәл. (Ұ.Алиакбарұлы)

Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің басқа шайырлары: Әл-Самауәл. (Ұ.Алиакбарұлы)


Әл-Самауәл (?-560)[1] әл-Самауәл бин Ғадия. Кейбір мәліметтер бойынша[2] әл-Самауәл араб болған деседі. Анасы Ғассандық, араб болуы да мүмкін. Осы себепті біршама ғалымдар әл-Самауәлды араб деп есептейді. Дегенмен әл-Самауәл яһуди[3]. Яһудилер араб жазирасына Палестинадан көшіп келіп Хижаздың солтүстігінде қоныстанған. Араб жазирасына келген яһудилер арабтанып, араб тілінде таза әдеби сөйлесетін болған. Бірақ палестиналық яһудилермен ара-қатынасын үзбей діндерін сақтап қалған. әл-Самауәл тілі арабтанған яһудилерден болған.[4]

әл-Самауәл әл-Әблақ сарайында[5] немесе сарай орналасқан Тима жерінің маңында өмір сүрген.[6] Опа жайында жырлаған шайыр.[7] Ғалымдар опа жайында жырлаудан Имрул Қайсқа жетпеген дейді. әл-Самауәлдің ұлы әл-Ғарид, ағасы Сағид және немересі Шұғбада шайыр болған. Мұхаммед пайғамбар заманында Мединелік яһудилердің Қурайза тайпасы әл-Самауәлді мақтан тұтқан.[8]

Шығармалары:

  1. Диуан әл-Самауәл бин Ғадия. Лиюс Шейху. Бейрут. 1909.
  2. Диуан әл-Самауәл бин Ғадия. Хиршберг. Кракау. 1931.

Сонымен бірге әл-Самауәл бин Ғадия жайлы шығыстанушылардың кітаптарынан кездестіруге болады.[9]

  1. «Мухаммад уә яһудул Мәдинә»[10] (Мұхаммед және Медине яһудилер). Венсинк. Лейден. 1908.
  2. «Яһуду Мәккә»[11] (Мекке яһудилері). Ламменс.
  3. «әл-Яһуд фи биләдил араб ала ъаһди Мухаммад»[12] (Мұхаммедтің заманында араб жеріндегі яһудилері). Лерзимский. Берлин. 1910.
  4. «Ъалақат әл-яһуд уәл араб қабләл исләм»[13] (Исламға дейінгі яһуди араб байланыстары). Хоровитц. 1929.
  5. «Ъалақат әл-араб уәл исраилийин қәблә зуһурил исләм»[14] (Ислам келгенге дейінгі арабтар мен исраил елінің байланыстары). Марголиоц. Лондон. 1924.

Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы. (Басқа сайтқа гиперсілтемесіз, әсіресе “Википедияға” көшіруге қатаң тыйым салынады.)

 ————————————–

[1] Әл-Мунжид фил ағлам. Дар әл-Машриқ баспасы. Бейрут. 2003. 309 бет.

[2] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. 1-том. Карл Брокельман. Араб тіліне аударған: Абдулхалим әл-Нажжар. Дар әл-Мағариф баспасы. Каир. 121 бет.

[3] Еврей. (Ұ.А.)

[4] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. 1-том. Карл Брокельман. Араб тіліне аударған: Абдулхалим әл-Нажжар. Дар әл-Мағариф баспасы. Каир. 122 бет.

[5] Әл-Мунжид фил ағлам. Дар әл-Машриқ баспасы. Бейрут. 2003. 309 бет.

[6] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. 1-том. Карл Брокельман. Араб тіліне аударған: Абдулхалим әл-Нажжар. Дар әл-Мағариф баспасы. Каир. 121 бет.

[7] Әл-Мунжид фил ағлам. Дар әл-Машриқ баспасы. Бейрут. 2003. 309 бет.

[8] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. 1-том. Карл Брокельман. Араб тіліне аударған: Абдулхалим әл-Нажжар. Дар әл-Мағариф баспасы. Каир. 121 бет.

[9] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. 1-том. Карл Брокельман. Араб тіліне аударған: Абдулхалим әл-Нажжар. Дар әл-Мағариф баспасы. Каир. 122 бет.

[10] A.J. Wensink. Moahammed en de Joden te Medina, Leyden 1908.

[11] H.Lammens, Les Juifs de la Mecque, Rech. des Scuenves rel. VIII.

[12] R.Lerzymski, Die Juden in Arabien z. Zeit Muhammeds, Berlin 1910.

[13] J.Horovitz, Judaco-Arabic Relations in preislamic Times, Islamic Culture III, 1929, 161-199.

[14] D.S.Margoliouth, The Relations between Arabs and Israelites prior to the Rise of Islam (The Schweich Lect. 1921) London 1924.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s