Негізгі бет > Араб әдебиеті, Араб әдебиетінің тарихы, Басқа шайырлар, Жаһилиет дәуірі, Әдебиет > Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің басқа шайырлары: Туфайл ибн Ауф. (Ұ.Алиакбарұлы)

Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің басқа шайырлары: Туфайл ибн Ауф. (Ұ.Алиакбарұлы)


Туфайл ибн Ауф (?-610)[1] Толық есімі: Әбу Қурран Туфайл бин Ауф бин Дубайс бин Дуләйф бин Кағб бин Ауф бин Жиллән бин Ғанам бин Ғани бин Ағсар. Туфайл арабтың әлсіз Ғани тайпасынан. Осы себепті қуатты Бәну Жағфар тайпасынан көршілес Тай тауының оңтүстік шығысында отырған.  әл-Ғаррад бин Қайс әл-Кинани есімді жігіт 585 жылы Бәну Жағфардың Ғуруа әл-Раххал есімді адамын өлтіріп қояды. Осы өлімнен соң Ғани мен Жағфар тайпасының арасында қастандық туады. Осы оқиғадан соң Ғани тайпасы шығысқа Ямаманың[2] оңтүстігіне Бәни Сағд бин Ауф тайпасының жанына барып қоныстанады. Туфайл жылқы малын қатты жақсы көрген шайырлардың бірі. Туфайлдан әл-Набиға және Зуһайр тәрбие алған. әл-Асмағи Туфайл жайлы былай дейді: «Туфайлдың поэзиясы мен үшін Ирул Қайстан артығырақ».[3]

Поэзиясында жылқыны көп сипаттағандығы себепті «Туфайл әл-Хайл»[4], «Зәйдул хайл» деген лақаб аттары болған.[5]

Шығармашылығы:

  1. Диуан Туфайл әл-Ғанауи. Лондон. 1927.

Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы. (Басқа сайтқа гиперсілтемесіз, әсіресе “Википедияға” көшіруге қатаң тыйым салынады.)

 ————————————–

[1] Әл-Мунжид фил ағлам. Дар әл-Машриқ баспасы. Бейрут. 2003. 357 бет.

[2] Араб түбегіндегі жердің атауы. (Ұ.А.)

[3] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 176 бет.

[4] Әл-Мунжид фил ағлам. Дар әл-Машриқ баспасы. Бейрут. 2003. 357 бет.

[5] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 176 бет.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s