Негізгі бет > Араб әдебиеті, Араб әдебиетінің тарихы, Басқа шайырлар, Жаһилиет дәуірі, Әдебиет > Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің басқа шайырлары: әл-Ханса. (Ұ.Алиакбарұлы)

Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің басқа шайырлары: әл-Ханса. (Ұ.Алиакбарұлы)


әл-Ханса (?-645)[1] Тумадир[2] бинт Амр әл-Шарид. әл-Ханса лақабымен әйгілі болған Бәни Суләйм тайпасының шайыры. Дурайд бин әл-Симма қартайған шағында әл-Хансаға сөз салған. әл-Ханса Дурайдтың сөзін қайтарып[3], Рауаха бин Абдулғузза әл-Суламиге күйеуге шығып одан Абдулла деген ұл дүниеге келеді. Рауахадан соң Мирдас бин Амир әл-Суләмимен тұрмыс құрған. Одан Зәйд, Мұғауия, Умар есімді ұлдары дүниеге келеді. Шайыр болуына бауырлары Мұғауия[4] мен Сахрдың[5] өлімі себеп болады. Мұғауияны Һәшим және Зәйд әл-Мәррәйән өлтіреді. Сахрды Әбу Сәур әл-Әсәди тұтқынға түсіріп, бір жылдан соң олда көз жұмады. әл-Ханса ағасы Сахрды қатты жақсы көрген. Өлімін естігенде қатты жылап, жоқтау айтқан. Мұғауия мен Сахрды жоқтап, көп жылап көзінен айырылған. әл-Хансаның күйеуі қалы ашық, жомарт адам болғаны соншалық олындағы малынан айырылып қалады. Осы кезде әл-Ханса ағасы Сахрға барып жағдайын түсіндіргенде дүниесінің жартысын беріп жіберген екен. әл-Ханса Сахрға екі рет келіп дүние-мүлкінің тең жартысын алып кетеді.[6]

Ислам діні келгенде әл-Ханса тайпасымен бірге бір қауым ел болып мұсылман болады. әл-Ханса пайғамбардың алдына келгенде бір шумақ өлең оқып исламды қабылдаған деседі. Мұсылман болған соңда бауырларын жоқтауды тоқтатқан емес. Бір күні Умар ибн әл-Хаттаб мединеде әл-Хансаны көріп неге осы күнге дейін бауырларыңды жоқтауды тоқтатқан емессің, олар тозаққа кеткен жоқ шығар деп сұрайды. Сонда әл-Ханса бұрын кек алу үшін жоқтайтын едім, бүгін тозаққа ктпесін деп жоқтаймын деп жауап береді.[7]

Исламдағы Бәдр шайқасынан соң біршама уақыт Меккеде өмір сүрген. Мединеде Умар  мен Айшаны зиярат ектенде елуді шамалап қалған болаты.[8]

Ислам діні қанатын жайып Ирақ жеріне тарай бастағанда әл-Хансаның төрт ұлы бірдей мұсылманшылықты жаюға аттанады. Ұлдарының барлығы «әл-Қадисия» шайқасында шаһид болады. Қайғылы хабар әл-Хансаға жеткенде «Алла тағала барлығымызды жәннәтта қауыштырсын» дегеннен басқа артық сөз айтпаған екен.

әл-Ханса бір деректе 645 жылы[9] Усман ибн Аффанның халифалығының алғашқы жалдарында дүние салған десе, басқа бір деректе 663 жылы[10] халифа Мұғауияның заманында қайтыс болған дейді.

әл-Ханса қайтыс болған соң өлеңдерінің мирасқары ретінде қызы Умра қалады. Умраның кейбі өлеңдері әл-Хансаның диуанында кездеседі.[11]

Шығармалары:[12]

  1. Диуан әл-Ханса. Бейрут. 1888. Осы баспаны Лиюс Шейху 1895 жылы француз тіліндегі аудармасымен қайта басып шығарады.
  2. Диуан әл-Ханса. Француз тіліне аударылған баспа. Дэ Копиер. Бейрут. 1889.
  3. Диуан әл-Ханса. Каир. 1315 һ.ж.
  4. Шарх диуан әл-Ханса. Бейрут. 1896.
  5. Диуан әл-Ханса. (Хатим әл-Тайидің диуанымен бірге басылған) 1326-1348 һ.ж.
  6. Диуан әл-Ханса. Хусейн Мухамад әл-Зидани. Каир. 1326.
  7. Диуан әл-Ханса. Бейрут. 1960.
  8. Диуан әл-Ханса. Алғы сөзін жазып құрастырған: Кәрм Бустани. Бейрут. 1951.
  9. әл-Ханса. Айша Абдуррахман. Бейрут. 1957.

Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы. (Басқа сайтқа гиперсілтемесіз, әсіресе “Википедияға” көшіруге қатаң тыйым салынады.)

 ————————————–

[1] Әл-Мунжид фил ағлам. Дар әл-Машриқ баспасы. Бейрут. 2003. 335 бет.

[2] әл-Хансаның есімі Тумадир болған. Қараңыз: «Хизанатул әдәб» 3/403.

[3] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. 1-том. Карл Брокельман. Араб тіліне аударған: Абдулхалим әл-Нажжар. Дар әл-Мағариф баспасы. Каир. 164 бет.

[4] Мұғауия туған інісі.

[5] Сахр көкесі.

[6] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 317 бет.

[7] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 317 бет.

[8] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. 1-том. Карл Брокельман. Араб тіліне аударған: Абдулхалим әл-Нажжар. Дар әл-Мағариф баспасы. Каир. 164 бет.

[9] Әл-Мунжид фил ағлам. Дар әл-Машриқ баспасы. Бейрут. 2003. 335 бет.

[10] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 318 бет.

[11] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. 1-том. Карл Брокельман. Араб тіліне аударған: Абдулхалим әл-Нажжар. Дар әл-Мағариф баспасы. Каир. 164 бет.

[12] Қараңыз: «Тарих әл-Әдәб әл-Араби». (Араб әдебиетінің тарихы). 1-том. Карл Брокельман. Араб тіліне аударған: Абдулхалим әл-Нажжар. Дар әл-Мағариф баспасы. Каир. 165 бет, және  «Тарих әл-Әдәб әл-Араби». (Араб әдебиетінің тарихы). Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 319 бет.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s