Негізгі бет > Араб әдебиеті, Араб әдебиетінің тарихы, Жаһилиет дәуірі, Әдебиет, әл-Нәср > Араб әдебиеті, әл-Нәср жанры шайырлары: Қассә бин Сәғида. (Ұ.Алиакбарұлы)

Араб әдебиеті, әл-Нәср жанры шайырлары: Қассә бин Сәғида. (Ұ.Алиакбарұлы)


Қассә бин Сәғида (?-600)[1] Толық есімі: Қассә бин Сәғида бин Амр бин Ади әл-Ийәди. Қассә дүниеді тәрк еткен адам болған. Екі бауырын жоғалтып өз қолымен жерлейді. Осы уақыттан кейін дүние тіршілігіне алданбай адамдарды жақсылыққа үндейді. Византияны зиярат еткен. Ъукказ[2] базарында адамдарға уағыз, насихат айтқан. Осындай бір насихатын Мұхаммед пайғамбар тыңдаған.[3]

Ъукказдағы хұтпасын Әбу Бәкр Сыддық риуаят етеді. Кейбір мәліметтерде Мұхаммед пайғамбар Қассәдан естідім деп айтып берген.[4]

Әдетте имамдар мешітте хұтпа оқығанда «әммә баъд»[5] деген сөзді қолданады. Араб әдебиетшілері «әммә баъд» сөзін алғаш рет қолданған Қассә деп айтады.[6], [7]

Византия сапарында Қайсар патшамен жолығып, құрметіне бөленеді. Патша Қассәны құрмет тұтып, ұзақ сұхбаттасатын болған. Сұхбат барысында көптеген сұрақтарына жауап тапқан деседі. Солардың бірі:

– Ғылымның абзалы не?

– Адамның өзін-өзі тануы.

– Ақылды деп кімді айтар едің?

– Ғылымға тоқтаған кісі.

– Әдептілік дегеніміз не?

– Ұялғанынан беті қызарып, кінәсін мойындау.

– Дүниенің абзалы не?

– Пешенесіне жазылған рызық-несібесі, – деп жауап берген екен[8].

Бір күні әл-Жәруд бин Абдулла есімді адам Абдулқайстың тобымен бірге Мұхаммед пайғамбарға келіп, ислам дінін қабылдайды. Осы кезде Пайғамбар әл-Жарудтан араларыңда Қассәны білетін жан бар ма деп сұрайды. Сонда әл-Жаруд оны барлығымыз танимыз. «Ол мінез құлқы жақсы, өтірік айтпайды, жақсы ададардың ұрпағынан, жаман іс-әрекеттерді құптамайды, жалғыз құдайға сенеді, христиан діндарлары секілді қара киінеді. Қиямет жайлы сөз қозғап, қайт тіріліп, есеп беретін күн жайлы уағыз айтады. Ъукказ базарының хұтпашысы», – деп мақтап айтып береді. Сонда Алла елшісі оған дұға етіп Алланың рахымына бөленсін, қияметте барлығымызды бір үммет етіп тірілтісін дейді.[9]

Әбу Бәкр Қассә жайлы былай дейді: «Қассәның Ъукказда айтқан сөздерін ұмыта алмаймын. Ол шын пейілімен адамдарды жақсылыққа шақыратын еді».[10]

Қассә бин Сәғида һижреттен 22 жыл бұрын 600 жылы дүниеден өтеді.[11]

Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы. (Басқа сайтқа гиперсілтемесіз, әсіресе “Википедияға” көшіруге қатаң тыйым салынады.)

 ————————————–

[1]Әл-Мунжид фил ағлам. Дар әл-Машриқ баспасы. Бейрут. 2003. 438 бет.

[2]Тайыф елдімекеніне жақын жерде орналасқан базар. (Ұ.А.)

[3]Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 173 бет.

[4]Тарих Әдәб әл-Луға әл-арабия. І-том. Жоржи Зидан. Дарул һиләл баспасы. 135 бет.

[5]«әммә бәъд» қазақша осыдан кейін, жалғасы деген мағанада. (Ұ.А.)

[6]Тарих Әдәб әл-Луға әл-арабия. І-том. Жоржи Зидан. Дарул һиләл баспасы. 135 бет.

[7]«Китаб шуғараи әл-Насрания» (Христиан шайырлар) 1-том. 211 бет. Лиюс Шейху әл-Йасуғи. Бейрут. 1890 ж.

[8] «Китаб шуғараи әл-Насрания» (Христиан шайырлар) 1-том. 211 бет. Лиюс Шейху әл-Йасуғи. Бейрут. 1890 ж.

[9]«Китаб шуғараи әл-Насрания» (Христиан шайырлар) 1-том. 212 бет. Лиюс Шейху әл-Йасуғи. Бейрут. 1890 ж.

[10]«Китаб шуғараи әл-Насрания» (Христиан шайырлар) 1-том. 212 бет. Лиюс Шейху әл-Йасуғи. Бейрут. 1890 ж.

[11]Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 173 бет.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s