Негізгі бет > Араб әдебиеті, Араб әдебиетінің тарихы, Ислам дәуірі, Ислам дәуіріндегі поэзия, Әдебиет > Араб әдебиеті, Ислам дәуіріндегі араб поэзиясы: Кағб бин Зуһайр. (Ұ.Алиакбарұлы)

Араб әдебиеті, Ислам дәуіріндегі араб поэзиясы: Кағб бин Зуһайр. (Ұ.Алиакбарұлы)


Кағб бин Зуһайр (?-645) [1]Каъб бин Зухайр бин Әби Сулмә (كعب بن زهير بن أبي سلمى‎‎). Анасы Кәбшә бинт Аммар. Кағб муаллақат шайырларының бірі Зуһайр ибн Әби Сулмәның екінші әйелінен туған ұлы.[2] Кағбтың Бужәйр деген ағасы болады. Ислам діні келгенде Кағб пен Бужәйр жаңа дінді қабылдауға асықпайды. Жаңа дін Араб жазирасына жайыла бастағанда Бужәйр мұсылман болып Кағб исламды қабылдамай қояды. Исламнан бас тартып Пайғамбарға қарсы өлеңдерін шығарып жүре береді. Бужәйр райыңнан қайт, мұсылман бол деген насихаттарын құлағына аспайды. Өзі жайында айтылған өлеңдерді естіген пайғамбар Кағбты ұстаңдар, өлтіріңдер деп әмір береді.[3]

Бұл уақытта әлі мұсылманшылықты мойындамаған Кағб бин Зуһайр, Абдулла ибн әл-Зибағра және Әби Суфйан бин әл-Харис пайғамбар жайлы өлеңдерін ел арасында таратып жүрген болатын. Пайғамбар олардың өлеңдерін лағынеттейді.[4]

Бұдан соң Кағб тығылатын жер таппай, ақыр соңы 630 жылы Мединеге Әбу Бәкрге жасырынып келіп көмек беруін сұрайды. Әбу Бәкр таң намазында Кағбты пайғамбарға ертіп келеді. Кағб пайғамбарға қолын созып, мұсылман болғысы келетіндігін айтады. Пайғамбар Кағбты тыңдап, разылығын білдіреді.[5]

Кағб пайғамбарға арнап шығарған өлеңін ғазал кіріспесімен бастап, оқып береді. Ақын өзінің ғашығын, екеуі қоштасар кездегі ғашығының бейнесін суреттей келіп, негізгі тақырыбы мақтауға көшеді. Шайыр атақты «Бәнәт сағад» (بانت سعاد) өлеңнің мына жолдарын оқып береді :

ان الرسول لنور يستضاء به

وصارم من سيوف الله مسلول

Пайғамбар нұр жарқыраған,     

Тәңірінің алмас қылышы жылтыраған….[6], [7]

Осы өлеңнен соң Мұхаммед пайғамбар иығындағы шапанын ақынға жабады.[8] «Бәнәт сағад» өлеңі осы оқиғадан соң «қасидату әл-бурда» шапан қасидасы деп аталып кетеді. Осы шапанда айт күндері пайғамбардан кейінгі халифалар хұтпа оқығанда киеді. Кейін Мұғауия шапанды 20 мың дирхамға сатып алады.[9]

Кағб араб шайырларының «Шуғарау әл-Мухадрамин[10]» (مخضرم) тобына жатады. Араб әдебиетінде жаһилиет пен ислам дәуірінде өмір сүрген шайырды «мухадрам» деп атайды. Мухадрамун көпше түрі.

Шығармалары:

  1. «Шарх қасидату Бәнәт сағад» (Бәнәт сағад қасидасының түсіндірмесі). Әбу Мухаммад Абдулла бин Юусуф бин Һишам. Каир. 1290 һ.ж.
  2. «Шарх қасидату Бәнәт сағад» (Бәнәт сағад қасидасының түсіндірмесі). Шаһабуддин Ахмад ибн Умар әл-Һинди. Хайдарабад. 1323 һ.ж.
  3. «Шарх диуан Кағб бин Зуһайр. әл-Суккари. Баспаға дайындаған: Абдулазиз әл-Мәймәни. Каир. 1950.
  4. Диуан Кағб бин Зуһайр. Құрастырғандар: Умар әл-Сууайди. Карло Лэнбдург. Лондон. 1303-1306 һ.ж.

Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы. (Басқа сайтқа гиперсілтемесіз, әсіресе “Википедияға” көшіруге қатаң тыйым салынады.)

 


[1] Әл-Мунжид фил ағлам. Дар әл-Машриқ баспасы. Бейрут. 2003. 464 бет.

[2] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 195 бет.

[3] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 283 бет.

[4] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 255 бет.

[5] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 283 бет.

[6] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 285 бет.

[7] Әл-Мунжид фил ағлам. Дар әл-Машриқ баспасы. Бейрут. 2003. 464 бет.

[8] Каъб бин Зухайр шығармалары. Марокко Білім министрлігі. 2-басылым, 1996. 39-бет.

[9] «Тарих әл-Әдәб әл-Араби». (Араб әдебиетінің тарихы). 1-том. Карл Брокельман. Араб тіліне аударған: Абдулхалим әл-Нажжар. Дар әл-Мағариф баспасы. Каир. 156 бет.

[10] Қазақша «Екі кезеңнің куәсі болған шайырлар» (Ұ.А.)

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s