Негізгі бет > Араб әдебиеті, Араб әдебиетінің тарихы, Жаһилиет дәуірі, Әдебиет, әл-Нәср > Араб әдебиеті, әл-Нәср жанры шайырлары: Әксам бин Сайфи. (Ұ.Алиакбарұлы)

Араб әдебиеті, әл-Нәср жанры шайырлары: Әксам бин Сайфи. (Ұ.Алиакбарұлы)


Әксам бин Сайфи (?-630)[1] Әксам бин Рийах бин әл-Харис бин Мухасин бин Сайфи. Хижазда дүниеге келген. Әбу Хайда, Әбу әл-Хафад деген лақаб аттарға ие. Өз заманының басшы, бай-шонжарлары уағыз-насихатын тыңдау үшін зиярат етіп келетін болған.[2]

Ислам діні келгенде Әксам Мұхаммед пайғамбарға екі адам жіберіп, ол адамның ата-бабасы жайлы және не айтып жүргендігін біліп келіңдер дейді. Ол екеуі пайғамбарға келіп сұрақтарына жауап алады. Соңында Құраннан аят оқып береді: «Әлбетте, Аллаһ әділдікке, игі амалдар істеуге және ағайынға жақсылық істеуге бұйырады және де бұзақылық, жаман істер және зорлық – зомбылықтардан қайтарады. Ол, әрине, ғибрат – үлгі аларсыңдар деп, сендерге үгіт-насихат қылды»[3]. Жіберген елшілері қайтып оралғанда, Әксам халқына қарап: «Уа Халқым! Ол адам игі амалдар істеуге бұйырып, бұзақылық, зорлы-зомбылықтардан қайтарады екен», – деп насихат айтады. Дегенмен Әксам 612[4] жылы мұсылманшылықты қабылдамаған күйінде қайтыс болады.

Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы. (Басқа сайтқа гиперсілтемесіз, әсіресе “Википедияға” көшіруге қатаң тыйым салынады.)

————————————–

[1] Әл-Мунжид фил ағлам. Дар әл-Машриқ баспасы. Бейрут. 2003. 59 бет.

[2] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 201 бет.

[3] Құран Кәрім, «Нахыл» сүресі, 90 аят.

[4] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 201 бет.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s