Негізгі бет > Дін > Құрмаш – “Бес парыз”

Құрмаш – “Бес парыз”


Өлеңді 2008 жылы Египет, Каирде Құрмаштың өзінен көшіріп алып, Дінислам.Кз-ке жүктеген едім, бүгін SoundCloud-қа жүктеп, осында жариялап отырмын. Жүктеп алуға болады.

“Бес парыз” Әні: Қ.Махан. Сөзі: С.Қалиев.
Орындаған Құрмаш Маханов.

Болған соң мойнымдағы бас қарызым,
Айтайын өтер-өтпес досқа арызым.
Жәннатқа жақсы істермен жарысайық,
Орындап мұсылманның бес парызын.

ИМАНДЫ баға жетпес нұрға бала,
Ақылды адам одан құр қала ма?
Дүниені әркімдерге-ақ берген Раббым,
Дінді тек берер сүйген құлға ғана.

Ендеше, дін тірегі – НАМАЗ дейді,
Намазбен пенде Алладан пана іздейді.
Құлшынып құлшылығын арттырғандар,
Құраннан ешқашан да ара үзбейді.

Тұтпаса уағымен ОРАЗАНЫ,
Адамның тәні толып, жаны азады.
Тұрмаса тізгінделіп тіл мен нәпсі,
Тозақтың сенде дей бер бар азабы.

Парызды сонан соңғы «ЗЕКЕТ» дейді,
Қолыңа нелер келіп, не кетпейді?
Бергенің береке боп Ақыретте,
Жұмақтың биігіне жетектейді.

Алланың түссе саған назары асыл,
Сүймейсің бос мақтан мен сөз аласын.
Ин ша Алла, қабыл болса ҚАЖЫЛЫҒЫҢ,
Анаңнан туылғандай тазарасың.

Жаратқан «бай, кедей» деп жіктемейді,
Жалқаулық, сараңдыққа құп демейді.
Қиын жоқ бес парызда, біздерге Алла,
Келместі қолымыздан жүктемейді.

Санаттары:Дін
  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s