Текті де тегеурінді өнер


Бүгін үйдегі (кішігірім) кітапханамдағы кітаптарымды қарап отырып мына бір кітапшаға тап болдым. Қазақтың әйгілі күйшілері; (ІХ-ХХ ғасырлар). Тарақты Ақселеу. 1992 жылы 25 000 даналық тиражбен Алматыдан “Қазақстан” “Ғақлия” баспасынан шыққан екен. Кітапша жайлы былай жазылыпты:

Ұрпақтың рухани тәрбиесінде тарихи тұлғаларымыздың түр-кейпін кескіндеп, олардың шабытты бейнесін ұрпақ санасына ұялатып отырудың мәні зор. Осындай мақсатпен тарихи-этнографиялық материалдардың негізінде біраз күйші композиторлардың бейнесі алғаш рет жасалып отыр.

Альбом-кітапша музыка зерттеушілерге, студенттер мен оқушыларға, қазақтың рухани мәдениетіне ден қойып жүрген қалың көпшілікке арналған.

Альбом-кітапшаның кіріспесі:

Текті де тегеурінді өнер

 Егер; “ХХ ғасыр табалдырығын анаттағанға дейін қазақхалқына ең мол рухани жұбаныш болған өнер түрлері қайсы?” – деген сұрақ қойылар болса, онда сөз өнеріміз, қол өнерімізжәне музыкалық өнеріміз ең алдымен тілге оралар еді. Шынында да, халқымыз рухани сұраныстың жүгін үйіп-төгіп осы үш арнаға теңдеген сияқты.

 Осынау рухани қайнарлардың ішінде музыканың, дәлірек айтсақ, күйдің алар орыны айырықша. Себебі, қазақ халқының тарих аясындағы мәдени-рухани болмысын тануға келгенде ең мол дерек көзі күй тілінде және күй аңыздары түрінде сақталған. Бұған мына сияқты мысалдарды көлденең тартуға болады. Біріншіден, халық жадында сақталған ең байырғы тарихитұлғаларымыз- күйші-композиторларымыз. Мәселен, VІІІ-ІХ ғасырда ғұмыр кешкен Қорқыттан бүгінгі күнімізге жиырма шақты күй жетіп отыр. Екіншіден VІІІ-ІХ ғасырда ғұмыр кешкен Қорқыт пен ХХ ғасырда өмір сүрген Динаны арасындағымың екі жүз жылдық тарихи кезеңнің бірде-бір ғасыры күйші-композитордан құралаған емес деуге болады. Үшіншіден, осынау мың екі жүз жыл аясында ғұмыр кешкен екі жүздей күйші+композитор белгілі және олардың бес мыңдай күйі қазіргі таңда тіркеуге алынып отыр. Төртіншіден, қазақ күйлеріне арқауболған оқиғалардың тарихи хронологиясы Евразия континентіндегі соңғы екі жарым мың жылдық оқиғаны қамтиды. Мәселен, “Қос мүйізді Ескендір” атты халық күйі белгілі және М.Хамзиннің “Космонавт” деген күйі бер. Бұлкүйлердің тақырыбан арқау болған тарихи кезеңдердің арасында, яғни, Александр Македонский мен Юрий Гагариннің арасында аттай екі жарым мың жыл жатыр. Бесіншіден, көшпелілер өркениетінде VІІІ-ІХ ғасырдың өзінде-ақ күй және ән түрінде музыкалық жанрлардың сараланып үлгеруімәдени-рухани өреліліктің жарқын айғағы. Міне, бұл дәлелдер музыка мәдениетіміздің, оның ішінде күй өнерінің тарихи-рухани болмысымызда ерекше мәртебелі орынының бар екенін көрсетеді.

Өкінішке орай, осындай текті де тегеуріндірухани қазынамыз жеріне жете зерттеліп, насихатталп жүр деп айта алмаймыз. Мына қолдарыңыздағы альбом-кітапша осындай олқылықтардың бір қырын толтырар деген үмітпен оқырман назарына ұсынылып отыр. Соғ,ы мың жылдан астам уақыт аясында ғұмыр кешкен күйші-композиторларымыз қысқа-қайырым болса да деректер баспа ретінде бар. Ал, олардың түр-түсі, бейнесі мүлде белгісіз десе де болады. Ұрпақтың рухани тәрбиесінде тарихи тұлғаларымыздың түр-кейпін кескіндеп, олардың шабытты бейнесін ұрпақ санасына ұялатып отырудың мәні зор. Осындай мақсатпен тарихи-этнографиялық және фольклорлық материалдардың негігізінде біраз күйші-композиторлардың бейнесі алғаш рет жасалып отыр. Тоқа, Қазанғап, Ықылас, Мәмен, Боғда сияқты күйші-композиторлар бейнесі көз көргендердің айтуымен салынып, нақтылы кескін-келбеті жасалған. Ал, Махамбет бейнесін бас сүйегі негізінде белгілі антрополог-суретші Н.Шаяхметов қалпына келтірген.  Сондай-ақ, бірқатар күйші-композиторлардың фото суреті ұрпақтарынан алынып, архив қойнауларынан табылып, сол фото суреттер негізінде графикалық бейнелері жасалды.

Альбом-кітапша музыка зерттеушілерге, студенттер мен оқушыларға, қазақтың рухани мәдениетіне ден қойып жүрген қалың көпшілікке арналған.

Қазақтың әйгілі күйшілері; (ІХ-ХХ ғасырлар).

Тарақты Ақселеу. 1992 ж.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s