Негізгі бет > Әдебиет, Қазақ әдебиеті, Қазақтың әйгілі күйшілері (ІХ-ХХ ғасырлар) > Қазақтың әйгілі күйшілері: Қорқыт (ІХ ғасыр)

Қазақтың әйгілі күйшілері: Қорқыт (ІХ ғасыр)


Қорқыт оғыз-қыпшақ тайпаларының VІІІ-ІХ ғасырда ғұмыр кешкен ұлы ойшылы, батагөй ақыны, дәулескер күйшісі,келер күнді болжайтын көріпкел бақсысы. Ата жағынан Қорқыт оғыз тайпасының Қамы (Қайыспас) дейтін атасынан тараса, ана жағынан қалың қыпшақ нағашы жұрты болып келеді. Қорқыттың әкесі оғыз тайпасына белгілі Қарақожа деген кісі болса керек.

“Қорқыт батыр емес, абыз (патриарх), халық даналығын бас болыппаш етуші жәнесақтаушы, оның парасатына дүйім жұрт ден қояды”, – дейді В.В.Бартольд. Қорқыт қазақ үшін ең алдымен күй атасы, қобызда күй шалу дәстүрін алғаш орнықтырушы. Оның күйлерінде айқын байқалатын стильдік тұтастық, өмірде бейнелеу тәсілінің тұрақтылығы, әуен-сазындағы бақсы сарындарымен үйдес қарапайым көнелік, сөз жоқ, дара тұлғаның қолтаңбасын айқын аңғартады. Бұл орайда, Қорқыт туралы аңыз-әңгімеден де бұрын, Қорқыттың бейтінен де бұрын, тіптен, “Қорқыт ата кітабынан” да бұрын, оның тарихта болған нақтылы тұлға екеніне музыкалық мұрасы бұлтартпас дәлел бола алады.

Қорқыт күйлері: “Қорқыт” (үш нұсқасы бар), “Аққу”, “Әупбай”, “Башпай”, “Желмая”,”Елім-ай, халқым-ай”, “Сарын” (екі нұсқасы бар), “Тарғыл тана”, “Ұшардың ұлуы” т.б.

Қазақтың әйгілі күйшілері; (ІХ-ХХ ғасырлар) 4-бет.

Тарақты Ақселеу. 1992 ж.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s