Қазақтың әйгілі күйшілері: Дина (1861-1955)


Нүрпейіс келіні Дина Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жерде дүниеге келген. Ол тоғыз жасының өзінде-ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сяқты күйшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған. Әйгілі Құрманғазы Динаны арнайы іздеп келіп, батасын берген. Дина тоғыз жасынан он тоғыз жасқа дейін, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Сол Дина 90 жасында Құрманғазының күйін шабыттана тартып дүйім жұртты таң қалдырған.

1937 жылы 75 жастағы Дина Алматыға тұңғыш келіп, құдырет өнерімен бүкіл республикаға ден қойғызады. Ол осы сапарында халық өнерпаздарының Бүкілқазақстандық байқауында бірінші орынға ие болады. 1977 жылы 83 жасында Орта Азия республикаларының өнерпаздары қатысқан жарыста да жеңімпаз атанады.

Дина қазақтың күйшілік өнеріне өшпес із салған біртуар дарын. Егер оның күйшілгінің бастау алған тегін іздеу керек болса, ат басын Құрманғазы мен Дәулеткерейге қарай бұру керек. Екі ұлы күйшінің өнерінен тел сусындаған Дина өзіндік өнерін тапқан күйші  Дәулеткерейдің ойға шомған сыршылдығы мен  Құрманғазының өршіл рухы Дина шабытының қос қанаты сияқты.

Нүрпейіс келіні Динаның күйлері: «Ана бұйрығы», «Әсем қоңыр», «Бай жұма», «Боз шолақ», «Бұлбұл», «Делегат», «Домалатпай», «Еңбек ері», «Жеңіс», «Жігер», «Кербез», «Көгентүп», «Көкөніс», «Қара қасқа ат», «Қосалқа», «Меңдіқара», «Науысқы», «Он алтыншы жыл», «Өттің дәурен», «Партия туралы күй», «Сауыншы», «Сегізінші март», «Сталин», «Тойбастар», «Шынар» т.б.

Қазақтың әйгілі күйшілері; (ІХ-ХХ ғасырлар) 21-бет.

Тарақты Ақселеу. 1992 ж.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s