Негізгі бет > Әдебиет, Қазақ әдебиеті, Қазақтың әйгілі күйшілері (ІХ-ХХ ғасырлар) > Қазақтың әйгілі күйшілері: Абылай хан (1711-1780)

Қазақтың әйгілі күйшілері: Абылай хан (1711-1780)


Уәлиұлы Абылай (Әбілмансұр) – төре әулетінен, қазақ халқының біртұтастығын сақтауда жойдасыз еңбек сіңіген әйгілі ханы, сонымен бірге, ХVІІІ ғасырдан күйі жеткен санаулы күйшілеріміздің бірі. Ол өмір сүріп хандық құрған заман қазақ халқы үшін жойылып кету қауыпы төніп тұрған, өлім мен өмірдің арасында күн кешкендей алмағайып заман болатын. Бұл жөнінде сол кездің дуалы ауыз ақыны былай дейді:

“Былай барсаң Қоқан бар – қоқаңдаған әкең бар,

Былай барсаң қалмақ бар – күшіңді еппен алмақ бар,

Былай барсаң қытай бар – жапырағыңды бұтай бар,

Былай барсаң орыс бар – балаңды берсең қоныс бар”.

Абылай ханның күйлерін тақырыбы жағынан болсын, әуен-сазының ерекшелігі жағынан болсын екі кезеңге бөліп қарауға болады. Біріншісі, жоңғар шапқыншылығы қабындап тұрған кезде нақтылы өмір құбылыстарына арнаған күйлері. Мұнда негізінен жаугершіл кездің жорықтары, соғыс зардабы мен жеңіс салтанаттары, батырлардың ерен ерліктері күй тәләне көшәп отырады. Екіншісі, тура шапқан жаудың беті қайтып, көшпелі өмірдің ырғағы қайта жанданып, Абылайханның өзі байсал тарта бастаған кезде туған күйлері. Бұл күйлерінде өмірдің мән-мағынасы туралы ойлаған, ел қамы мен халық тағдыры жөнінде толғанған ойлы сезім бел алып жатады. Абылай ханның күйлері туралы Ш.Уәлиханов, А.В.Затаевич сияқты ғалым зерттеушілер алңаш пікір білдіріп, кейбір күйлерін нотаға түсірген.

Абылай ханның күйлері: “Ақ толқын”, “Бұлан жігіт”, “Дүние қалды”, “Жетім торы”, “Қайран елім”, “Қара жорға”, “Қоржын қақпай”, “Майда жал”, “Садақ қақпай”, “Сары бура”, “Шаңды жорық” т.б.

Қазақтың әйгілі күйшілері; (ІХ-ХХ ғасырлар) 9-бет.

Тарақты Ақселеу. 1992 ж.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s