Негізгі бет > Араб әдебиеті, Араб әдебиетінің тарихы, Ислам дәуірі, Ислам дәуіріндегі поэзия, Әдебиет > Араб әдебиеті, Ислам дәуіріндегі араб поэзиясы: Әбу Михжан әл-Сәқафи. (Ұ.Алиакбарұлы)

Араб әдебиеті, Ислам дәуіріндегі араб поэзиясы: Әбу Михжан әл-Сәқафи. (Ұ.Алиакбарұлы)


Әбу Михжан әл-Сәқафи (?-650).[1] Абдулла бин Хабиб бин Амр бин Умайр. Тайыятың Бәни Сәқиф тайпасынан. Аттың құлағында ойнаған арақ құмар шайырлардың бірі болған. Әбу Михжанда мухадрам шайырлардың қатарынан. Жаһилиет дәуірінде шараб жайлы көптеген өлеңдерімен атағы шыққан. Мұхаммед пайғамбар 631 жылы Тайыфқа келгенде исламнан бас тартып, кейіннен һижреттің 9 жылы рамазан айында[2] отбасымен бірге мұсылман болады. Мұсылман болсада шарап ішуін тоқтатқан емес. Умар ибн әл-Хаттаб Әбу Михжанға қанша рет шарап ішуге тыйым салады. Осы кезеңде Қадисия шайқасына қатысады. Шайқас уақытында арақ ішіп қояды. Қадисиядан кейін арақ ішуін тастап шайырлығын жалғастырады. Қадисияда Сағд ибн Әби Уаққаспен бірге болады. Оның арақ ішкенін көрген Сағд сазайын кейін берермін деп қояды. Шайқаста ерлігімен көзге түскен Әбу Михжанға Сағд кешірім бердім дейді. Әбу Михжан Алланың атымен ант етейін енді ішпеспін дейді. Әбу Михжан халифа Усманның заманында 650 жылы дүние салады. Қабірі Әзірбайжан, Грузия жерлерінде болуы мүмкін.[3]

Шайырдың өлеңдерінің көпшілігі арақ жайында. Одан бөлек әл-фахр, әл-мадх, әл-хамаса жанрында да жырлаған.

Шығармалары:

  1. Диуан Әбу Михжан әл-Сәқафи. 1887 ж.
  2. Диуан Әбу Михжан әл-Сәқафи. Жинақтаған: Умар әл-Сууайди. Лейден. 1303-1306 һ.ж.

Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы. (Басқа сайтқа гиперсілтемесіз, әсіресе “Википедияға” көшіруге қатаң тыйым салынады.)

———————————————

[1] Әл-Мунжид фил ағлам. Дар әл-Машриқ баспасы. Бейрут. 2003. 21 бет.

[2] «Тарих әл-Әдәб әл-Араби». (Араб әдебиетінің тарихы). 1-том. Карл Брокельман. Араб тіліне аударған: Абдулхалим әл-Нажжар. Дар әл-Мағариф баспасы. Каир. 167 бет.

[3] Тарих әл-Әдәб әл-Араби. Араб әдебиетінің тарихы. Умар Фаррух. Бейрут. Әл-ғилм лил малайин баспасы. 1981. 294 бет.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s