Абайдың досы….


1857 жылы Воронеж гебурниясында қазақ халқының ұлы ағартушы ақыны Абайдың досы Нифонт Долгополов дүниеге келді. Н.И.Долгополов студенттік уақытында революциялық қозғалыстарға қатысқаны бар-ды. 23 жасында Батыс Сібірге, Қорған қаласына айдалып, мұнда 3 жыл өмір сүреді.  Бұдан соң Тоқалы, Пелыма желерінде айдауда болып, ақыр соңында 1884 жылы Семейден бірақ шығады. Осы жерден Абай мен Долгополовтың достығының тарихы басталады.

1884 жылы Семейде айдауда жүрген орыс революциянерлерінің “академиясы” іспеттес ұйым болған еді. Олардың арасында Алтай мұздықтарын зерттеп жүрген Евгений Михаэлис, қазақ халқының тұрмыс тіршілігін Александр Блекпен бірге зерттеп жүрген Северин Гросс және дарынды дәрігерлер А.Богомолец пен И.Виторт болды. Бұл азаматтардың барлығы Нифонта Долгополовпен Абай Құнанбаевтың достары еді.

Н.И.Долгополов Семейге келген 2-ші жылында Джон Вильям Дрэпердің (1811-1882) орыс тілінде “Истоия умственного развития Европы” кітабы шыққан болатын. Нифонт Долгополов және оның достары аталмыш жаңа шыққан кітапты оқитын еді. Оқырмандардың ішінде Абай Құнанбаевта болатын.

Атақты саяхатшы Джордж Кеннан 1885 жылы Семейге келген уақытында қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін зертеуші, бітістіруші соттың (бітістіруші сот – патшалық Ресейде ұсақ істерді қарайтын судья) кеңсе қызметкері А.А.Леонтьевтен батысевропалық философия мен тарихты сүйіп оқитын қарапайым қазақ жайлы әңгімесін естиді. Леонтьев Абай жайлы былай дейді: “Мен оны Дрэпердің “Европаның өркениет тарихынан” 2 сағат емтихан алдым және мойындауым керек, таң қалдым әрі өте білімді екенін көрдім”.

(Орыс тілінен шамасының келгенінше аударған: Ұ.Алиакбарұлы)

Сергей Марков, Избранные произведения, том-2, М., “Художественная литература” 1990 г, “Друг Абая”. 378-379 беттер.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s