Негізгі бет > 2014 жыл, Күнделіктен > Қызылорда қаласындағы “Айтбай мешіті”

Қызылорда қаласындағы “Айтбай мешіті”


Осы айдың 23-25 жұлдызы арасында Қызылордаға іс-сапармен барып келдім. Қала көркейіп, жаңа мөлтекаудандар салынып, оның ішінде біршама уақыт бұрын әкімшіліктің жаңа ғимараты пайдалануға беріліпті. Келесі жылы Сырдарияның арғы бетіне жаңа қаланың салынуы басталады екен. Қалада Шымкенттегідей кептеліс байқалмайды. Менімен бірге жүрген “Дін мәселелерін зерттеу орталығының” маманы қалада шамамен 300 мыңға жуық халық тұрады дейді. Ресми мәліметтерді іздестірмедім. Жалпы қала ұнады. Жолым түсіп сәулет өнерінің ескерткіші Айтбай мешітін зиярат еттім.

Мешітке кіре берістегі ескерткіш тақтайшада 1878 жылы салынғандығы жазылған. Имамның сөзіне қарағанда Перовскийдің (Қызылорданың бұрынғы атауы) тұрғыны Айтбай қажы есімді азаматтың қаржысына салынған екен. Мешітті Әулиеата шеберлері Ысқақ пен Камал салған деседі. Кейбір мәліметтер бойынша мешіт Айтбайдың ықпалымен қала халқының қаржысына салынған екен.

Екі күн Қызылорда облысы дін істері басқармасы “Дін мәселелерін зерттеу орталығының” ұйымдастыруымен шам, құптан намаздары арасында мешіт жамағатымен кездесу өткіздік. Кездесуімізде қазіргі кездегі дәстүрлі емес діни ағымдар, деструктивті секталар жайында сөз қозғадық.

Егер Қызылордаға барсаңыз Айтбай мешітін көріп, зиярат етуді ұмытпаңыз. Төменде тек мешіт ішінде түсірілген суреттер ғана, барлық суреттерді әлі алмаған едім. Әзірге осы.

Санаттары:2014 жыл, Күнделіктен
  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s