Негізгі бет > Әр түрлі > Қазақтың адамның жас ерекшелігіне қатысты атаулары

Қазақтың адамның жас ерекшелігіне қатысты атаулары


жизненные-циклыАдам жасының атаулары
1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте
1 жастан 10 жасқа дейін – сәби
1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала – бөпе, ұл бала – бөбек
2 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін
3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған, балауса6 жастан 7 жасқа дейін – бала, балақай
8 жастан 12 жасқа дейін – ойын баласы, жеткіншек
13 жастан 15 жасқа дейін – ересек бала, жасөспірім
16 жастан 19 жасқа дейін – бозбала, бойжеткен
20 мен 30 жас аралығы – жас жігіт, қыз
30 бен 40 жас аралығы – дүр жігіт, аға, еркек, кәрі қыз, келіншек
40 пен 50 жас аралығы – ер түлегі, отағасы, әке, көке, әйел, ана, тәте
50 мен 60 жас аралығы – жігіт ағасы, сары кідір әйел
60 пен 70 жас аралығы – қарасақал, ата, қара кемпір, апа, әже
70 пен 80 жас аралығы – ақсақал, ақбұрым
80 мен 90 жас аралығы – ақ үрпек шал, ақ үрпек ана, қарт, қария
90 мен 100 жас аралығы – селкілдек шал, селкілдек кемпір
100 жастан жоғары – кейуана, баба

Мүшел жас
1- мүшел -13 жас (ер жете бастау)
2 – мүшел – 25 жас (жігіттік жас)
3 – мүшел – 37 жас (ақыл тоқтау)
4 – мүшел – 49 жас (орта жас)
5 – мүшел – 61 жас (орта жас)
6 – мүшел – 73 жас (қарттық)
7 – мүшел – 85 жас (кәрілік)
8 – мүшел – 97 жас (қалжырау)
9 – мүшел – 109 жас (шөпшек сүю)
10 – мүшел -121 жас (немене сүю)

Жас сипаты
10 жасқа дейін – қозы жасы деп қозы-лақ бақтырған,
10 мен 20 жас аралығын қой жасы деп қой, ешкі бақтырған,
20 мен 30 жас аралығын жылқы жасы деп жылқы бақтырған
30 жас – орда бұзар,
40 жас – қылыш жас, қырықта қамал алар
50 – ел ағасы, ердің жасы
60 жас – пайғамбар жасы, алпыстың асқары, алпыстың асуы, асқаралы алпыс
70 жас – жетпістің белесі
80 жас – сексеннің сеңгірі Ақпарат көзі.

Бауыржан Момышұлының қарттар жайлы сөзі
Бауыржан Момышұлы жасы үлкен қарттарды шал, қария, ақсақал, абыз деп төртке бөлген. Отбасы, ошақ қасынан ұзап шыға алмай, түтін аңдып, үй аралап, саяси өсек айтатын қарт – шал. Өз әулетін шашау шығармай уысында ұстап, билік жүргізген қартты қария деп, тұтас бір ауылдың жоқ-жітігін түгендеп, жыртығын бүтіндеп, азаматын атқа мінгізіп, айдынын асырып отыратын қартты ақсақал деп, бүкіл елдің сөзін сөйлеп, намысын жыртып, дау-дамайын шешіп, арғы-бергі тарихтан әңгіме қозғап, тұла бойына ұлттық рух, ізгі қасиеттерді молынан сіңірген қартты абыз деп атаған. Көпен Әмірбек. (Егеулі найзаның жазбасынан)

фото: psysales.com

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s