Негізгі бет > Бала Бүргем, Видео, Қазақ интернеті > Youtube-ті меңгеру жолдары

Youtube-ті меңгеру жолдары


Сәлем достар!

Егер ғаламтоды шарлай қалсаңыз Youtube-ті меңгеру, ақша табу жолдары, каналыңызды монетизацияға қою жайлы көптеген мағлұматтарды кезедстіруге болады. Бірақ бір өкініштісі ана тілімізде табу қиын. Осы себепті Дарын Керімбеков бауырымыз екеуміз Youtube-ті меңгеру жайлы семинарлар ұйымдастыруды 1 айдың шамасында қолға алып келеміз. Алғаш рет өзім 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап Youtube-ті меңгеруге байланысты ғаламторда орыс тілінде жарияланған мәліметтерді қарап шыға бастадым. Қараша айында өзімнің каналымды монетизацияға қойдым. Бір ай өткен соң Дарынның каналын және осы жылдың басында Берік Сұлтанның каналын монетизацияға қойдық. Беріктің каналын монетизацияға қойған уақытта мына төмендегі бейнені түсіріп үлгердік.

Осы ретте ғаламторды меңгерудегі ұстаздарым Асхат Еркімбай, Есенгүл Кәпқызы, Аршат Ораз, Сағын Қалдыбеков, Тимур Бектұр, Жанболат Райымбековке, алғысым шексіз.

Семинарымыз әр сәрсенбі сағат 18-00 де Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, ХҚКО (ЦОН) 5-қабатта өтеді. Семинарға қатысу тегін.

Қатысушыға қойылатын талаптар:

  1. Гугл, жмейлде, ютубта, фейсбукте т.б. әлеумттік желілерде аккаунты болу.
  2. Өзімен бірге ноутбугін ала келу.

Интернетпен (вай фай) қамтамасыз ету бізден.

Семинардан үйренетініңіз:

  1. Ютубтағы аккаунтыңызды әрлеу, (негізгі бетті реттеу, плейлист жасау, навигацияларды реттеу)
  2. Каналды монетизацияға қою.
  3. Ютубтағы каналыңызды басқа әлеуметтік желілермен байланыстыру.

Бұған дейін 3 семинар өткіздік. Кеш қалдым деп ойламаңыз, алдыңғы сабақтарды қуып жетуге толық мүмкіншілігіңіз болады.

Ал іске сәт. Біз сіздерді күтеміз.

3-ші семинарға қатысқан Нұрбол мен Әселдің пікірін тыңдап көріңіздер:


  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s