Негізгі бет > 2015 жыл, Дін, Діни ағымдар, Күнделіктен > Керағар ағымдарға қарсы не істеу керек?

Керағар ағымдарға қарсы не істеу керек?


Керағар ағымдарға қарсы не істеу керек? Ия, орынды сұрақ әрі барлығымызды мазалап жүргендігі де орынды. Күні кеше ОҚО-ның бір ауданына барып, керағар-деструктивті ағымдардың жетегінде кеткен жастардың ата-аналарымен кездесу өткіздік. Кездесу барысында байқағанымыз, сол жастардың ата-аналары: “ұлым (қызым) жақсы, айтқанымды орындайды, арақ ішіп, темекі, наша шекпейді, бүлік шығарып жатқан жоқ” дейді. Бір жағынан қарасаңыз дұрыс сияқты. Бірақ шынымен де солай ма? Егер базарға (олардың дені базарларда сауда жасайды) бара қалсаңыз таразыдан жемей, лажы болса тұтынушының (клиент) көңілінен шығуға тырысады. Әрине алдамаған соң, таразыдан жемеген соң сол сатушыға қайта айналып келеріңіз анық. Халық не себепті олардың қателіктерін байқамайды? Бұл сауалға былайша жауап бергенді жөн көрдім. (Бұл менің жеке пікірім).
1. Алдамаудан мақсат адам сенімін жаулап алу.
2. Бізде туысқандық институт жақсы дамыған. Батыс елдерінде ондай қарым-қатынас ұмыт болғалы қашан. Туысқандық институттың біздің ортада мықты болғаны соншалық, ұлымыз не қызымыз баукеспе ұры, қанышер болса да жазасын тартсын деп ұстап беріп жатқандар саусақпен санарлық. Бұған қатысты халқымыз “ішімнен шыққан ала-шұбар жылан” деп қоя салады. Демек деструктитві ағымның жетегіндегілер ата-анасымен жақсы қарым-қатынаста болса қорғалатыны анық. Негізінде дімізде ата-ананын құрметтеу жоғарғы сатыда тұрады. Сондай-ақ көптеген керағар діни топтар ата-анасына қарсы шығып ұтылғаны бар. Кейінгілері бұл қатені қайталамауға тырысып бағуда.
3. Ата-аналар діни сауатсыз. Осы себепті ұлының құлшылығын ҚМДБ имамдарының құлышылығынан айыр алмайды. Осы үшеуі жеткілікті шығар. Енді не істеуіміз керек? Олар дәл қазір тойған қозыдай тыныш жатыр. Яғни ешкімге килікпейді, дегенмен жасырын дәріс өткізетіндері бар.  Жанына жолай қалсаң құқығымды бұздың деп шыға келеді. Жаманға жақындап “сен жамансың” деп қайталап айта берсең, ” ия, жаманмын, ал не істейсің” дейтіні бар емес пе? Бірде бір жаннан “ең қауіпті ит қандай ит?” деп сұрағанда “тыныш жатқан итті барып түртсең, одан қауіпті ит жоқ” деген екен. Олай болса жаман болсын, жақсы болсын жатқан ит жата берсін. Ал біз айналамыздағыларды сақтандырумен айналысайық.
Мен ұсынатын жолдар:
1. Насихатты көбейту керек. Насихат бар, неге олай айтасың дейтіндер бар шығар. Ия, дұрыс, насихат бар. Бірақ сәл ойланып көрейікші. Керағар ағымдар телеарна, радио, газет-журналдардан насихатталып жатқан жоқ. Олай болса не себіпті көбейіп жатыр? Әрі көбінесе ол ортаны құрайтын жастар. Бұған берілетін жауап, сол жастар интернетте көп отырады. Әлеуметтік желілерді жақсы пайдаланады. Демек насихатты әлеуметтік желілерде жасауымыз керек. Дәл қазір Атырау, Астана, Алматы облысындағы орталық мешіттерде насихаттың бұл түрі жақсы жолға қойылған. Атыраудың ханафи.кз. Атырау орталық мешіті, Әзірет Сұлтан мешіті, Нұр Астана мешіті, Алматы орталық мешіттері ғаламторда жақсы жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ ҚМДБ жанындағы Хиктме.Тв студиясы жақсы дүниелер шығарып жатыр. Енді барлығымыз жабылып осы аудио, видеоларды ВК, Фейсбукте, Ютубта, ватсапта, вайберде т.б. әлеуметтік желілердің барлығында таратуымыз керек.
2. Насихат өз мазхабымызды, ақидамызды түсіндіру түрінде болғаны абзал. Қарсы жақтағылар соқыр, қыңыр, қисық дегеннен көріп жатқан пайдамыз шамалы ғана.
3. Облыстағы барлық мешіттердің аудио, видео насихаттары мр3, мр4 форматтарда кеңінен таратылуы керек.
4. Әр имам уағыздарын мр3, мр4 форматта тарата білгені абзал.
5. Соңында қарсы жақтағылардың дұрыс емес пікірлерін айту керек. Мен атап өткен бесіншіге дейінгі пунктер ҚР басқа өңірлерінде нәтижесін берді. Мысалы Алматы, Атырау облысында ВК мен ФБ-да Ханафи мазхабы мен Матруди ақидасына байланысты көптеген пабликтерді кездестіруге болады. Бұл сол облыстағы жанашыр ел ағалары мен білікті имамдардың жұмысының нәтижесі………

SAMSUNG CAMERA PICTURES Ал, менің айтарым осы. Рахмет тыңдағандарыңызға. (Бір жиналыста айтқан пікірімнің қағаз нұсқасы)

Суретте Сайрам тұрғын алабындағы «Сайрам медицина» колледжінің студенттерімен кезедсу.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s