Негізгі бет > 2015 жыл, Күнделіктен > Сириядан естелік, 1-ші мысал.

Сириядан естелік, 1-ші мысал.


82siriyamechetdamask2003 жыл Антакиядан (Түркия) автобусқа мініп Алеппо, Хама арқылы Дамаскіге келдім. Автовокзалға келген соң, жүктерімді көтеріп, барар жеріме такси іздеген болатынмын. Қасыма бір араб жақындап келіп, такси іздегенімді байқап, ысқырып бір такси шақырып берді. Сөмкелерімді көтерісіп көлікке салды. Іштей риза болып тұрмын. Сол-ақ екен қалтасынын ақша шығарып таксиге төлеп жіберді. Қой дегеніме қарамады. Мен мәзбін, не деген жомарт жан еді деп қоямын ішімнен. Таксиге мініп діттеген жерге бет алдық, жүргізуші жолда тоқтап, сусын мен лаваш алып маған берді. Мен алмаймын дегеніме қарамады. Маған қарап: “әлгі азамат берген ақшаны алмаймын, ол ақшаға мінекей сусын алдым, іш, же. Ол жасаған жақсылықты мен де жасаймын” деді. Дән ризамын, халық болған соң жақсы, жаманы болады. Бүгін маған жақсылары кездесті деп ойлап едім. Қателесіппін. Сирия халқының көпшілігі осындай жақсы-жайсаң болып шықты. Қателестім дегенім, жақсы жандар санаулы ғана деп ойлағаным еді. Көзіммен көргенім осы. Бұл Сирия жайлы естелігімнің бірінші мысалы еді.

Суретте: Умауи мешіті.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s