Негізгі бет > 2015 жыл, Күнделіктен > Сириядан естелік, 2-ші мысал

Сириядан естелік, 2-ші мысал


Дамаскідеміз, келгенімізге 1 айдан асқан уақыт болатын. 2003 жылдың соңғы айлары. Ораза жақындап қалған уақыт. Дамаск университетіне құжат тапсырып, шапаттап жүрміз. Айтайын дегенім Сирия халқының тағы бір жақсылығы еді.

Ораза келді. Ауылдан алып келген ақшамызда таусылатын уақыт таяп қалды. Ертеңгі күн оразаның алғашқы күні болатын. Жан нәсіп, тәуекел деп жаттық. Таңертең көрерміз деп.

umavi_masjid_bТаңғы 5 шамасында біреу пәтердің есігін қағып тұр. Есікті мен аштым. Сөйтсем көрші араб екен. Қолында диаметрі 80-90 см жобасында үлкен табағы бар. Іші толған тамақ, сусын. Маған қарап: “Рамадан мубарак, Куллу ъам уә әнтум би хайр. Уә һәзә икрамуна….” деді. Яғни, “Ораза құтты болсын, Рамазан айымен құттықтаймын. Мынау сіздерге арналған сыйлық” деп біраз дұға-тілек айтты. Қуанышымда шек жоқ. Осылайша 30 күн оразада таңертең тамақ әкеліп беріп тұрды. Айналып қана кететін азамат еді. Бұл Сирия жайлы естелігімнен екінші мысал. Соңғы уақытта бөлініп, бүлініп жатқан елді көріп жүрегім ауырады. Тыныш жатқан елдің берекесін кетірген керағар ағымдар еді….. Алла тыныштығымыздан айырмасын! Әмин!

Суретте: Умауи мешіті.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s