Негізгі бет > 2015 жыл, Күнделіктен > Сириядан естелік, 3-ші мысал

Сириядан естелік, 3-ші мысал


Ораза басталып кетті. Алла тағала көрші арабты себеп қылып таңертең тамақтанып алдық. Ол туралы мына сілтемеде. Негізі аш емеспіз, азын аулақ ақшамыз бар. Ауызашар уақыт жақындаған соң мешітке барып аср (намаздыгер) намазын оқып алып, ортадағы ақшаны алып дүкенге келдім. Бүгінгі ас-ауқат дайындау менің мойнымда болатын. Дүкенге келіп керек заттарымды айтып алып жатырмын. Дүкеншіге күріш 1 кг десем 5 кг ал дейді. 5 нан десем ол аз болады 10 нан ал дейді. Мен ішімнен “ақшам жетпейді” деп ойланып тұрмын.

1FB36B2F-274A-48F7-A6E9-5417788E569A_cx0_cy7_cw0_mw1024_s_n_r1Сонымен не керек алатын заттарым 4-5 сөмке болды. Азар болса “ауылдағыдай” қарызға жаздырып қоямын деп тұрмын. Алған заттарды есептету үшін есепшотқа жақындадым. Сатушы сириялық араб жүзіме қарап, күлімсіреп: “Алла разы болсын, бара бер, таусылғанда тағы кел” деді. Мен түсінбей қарап тұмын. Араб тағы қайталап “қарыз емессің, мен үшін дұға қылыңдар” деді. Сол кезде барып “ееее тегін екен ғой, қап көбірек алмаппын деп ойланып тұрмын”. Пендеміз ғой тегін берерін білгенде көбірек алар едім деп қоям. Осылайша қуанышым қойныма симай үйге қайттым. Жігіттер болып барлығымыз мәз болдық.

Ия, досым бұл мен көрген Сирия, мен көрген, араласқан сириялықтар еді. Дүкен сатушысының аты, түрі есімде қалмапты. Дегенмен сириялықтардың жақсы, сауапты істері есімнен кеткен емес. Бір Құдай біледі бізге көмек берген азаматтардың қазіргі жағдайларын. Алла тағала олардың қорғаны болсын деп дұға қылғаннан басқа амалым жоқ. Ол кісіге дұға етуде қарыздармын. Көмек беріп жатып дұға қылсаң жеткілікті деген еді.

Досым егер оқып отырсаң сенде дұға қылуды ұмытпа!

Суретте: Сирия базарынан көрініс.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s