Мұрағат

Archive for Мамыр 8, 2011

Құранда қанша аят бар?


Құранда қанша аят бар екендігі жайлы ғалымдардың бірнеше пікірлері бар.
Бұның себептері кей ғалымдар ұзын сөйлемді бірнеше сөз деп есептесе, кейбірі бір аят деп есептеген. Шафиғи ғалымдары аяттардың басындағы бисмиллә сөзін сүренің ішінде деп есептесе, Ханафи ғалымдары бисмиллә сөзін бөлек бір аят деп есептеген. Сол секілді «Я-син», «Ха-Мим» секілді әріптерге байланысты осындай пікірлер бар. Тег «Далее»

Құранда қанша пара (бөлік) бар, әр парада қанша сүре бар?

Мамыр 8, 2011 3 пікір

Құран кәрімде 30 пара яғни бөлік бар, 114 сүре бар. Осы 114 сүре 30 параға ұзындығына байланысты бөлінген.

1-пара: Фатиха сүресі, Бақара сүресінің 141 аятына дейін.
2-пара: Бақара сүресінің 142 аятынан басталып 252-ші аятына дейін.
3-пара: Бақара сүресінің 253 аятынан соңына дейін. Әли Имран сүресінің 91 аятына дейі.
4-пара. Әли Имран 92, Ниса сүресі 23. Тег «Далее»

Сіз білесіз бе?


Құранда 14 сәжде аяты бар. Олар: Ағраф 206, Раъд 15, Нахл 41, Исра 107, Мәрйәм 58, Хаж 18, Фурқан 60, Нәмл 25, Сәжде 15, Сад 24, Фуссиләт 37, Нәжм 62, Иншиқақ 21, Ъалақ 19. Осы сәжде аяттарының қайсы бірін оқыған не естіген адамға тіләуәт сәждесін жасау уәжіп болады.

Құранда  114 сүре бар, 6 236 аят бар, «Құран Кәрім» сөзі 79 000 рет қайталанған және Құранда 323 670 әріп бар.
Егер Құранды толық оқып шықсаңыз әр әрпіне 10 сауаптан аласыз. Яғни 323 670 х 10 тең 3 236 700 болады екен. Демек Құранды толық оқып шықсаңыз 3 236 700 сауапқа ие боласыз. Сауаптан құр қалмаңыз….

Ізгі ниетпен Ұлықбек Алиакбарұлы.

Санаттары:Мақалалар, Әр түрлі Кілтсөздері: