Мұрағат

Archive for the ‘Әдебиет’ Category

Палауды алғаш көрген қазақ


«Балау» дегенді естігенім болмаса көрген емен. Біздің елде, ауыл қыдырған біреу, әлдекімнің үйінде отырып қалса, «немене, сонша бөгеліп?… Балау басып берді ме? дейтін еді соған қарап, «балауды» тәтті бірдеме болар деп ойлаушы ем. Енді көрсем, күріштен жасап, ішіне тауықтың етін мүшелеп салған, өрік, мейіз қосқан кебір тамақ. Біздің ел күріш екпейді. Тег «Далее»

Араб әдебиеті, Ислам дәуіріндегі араб поэзиясы: Әбу Михжан әл-Сәқафи. (Ұ.Алиакбарұлы)


Әбу Михжан әл-Сәқафи (?-650).[1] Абдулла бин Хабиб бин Амр бин Умайр. Тайыятың Бәни Сәқиф тайпасынан. Аттың құлағында ойнаған арақ құмар шайырлардың бірі болған. Әбу Михжанда мухадрам шайырлардың қатарынан. Жаһилиет дәуірінде шараб жайлы көптеген өлеңдерімен атағы шыққан. Мұхаммед пайғамбар 631 жылы Тайыфқа келгенде исламнан бас тартып, кейіннен һижреттің 9 жылы рамазан айында[2] отбасымен бірге мұсылман болады. Тег «Далее»

Араб әдебиеті, Ислам дәуіріндегі араб поэзиясы: Әбу Зуайб әл-Һузәли. (Ұ.Алиакбарұлы)


Әбу Зуайб әл-Һузәли (?-648)[1] Хауайлид бин Халид бин Мухаррис әл-Хузәли. Әбу Зуайбте мухадрам шайырлардың қатарынан. Дегенмен оның жаһлиет уақытындағы өміртарихы жайлы мәліметтер жоқтың қасы. Тек Сағида бин Жууаййаның риуаятшысы болған деген мәлімет бар.[2] Тег «Далее»

Қазақтың әйгілі күйшілері: Дина (1861-1955)


Нүрпейіс келіні Дина Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жерде дүниеге келген. Ол тоғыз жасының өзінде-ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сяқты күйшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған. Әйгілі Құрманғазы Динаны арнайы іздеп келіп, батасын берген. Дина тоғыз жасынан он тоғыз жасқа дейін, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Сол Дина 90 жасында Құрманғазының күйін шабыттана тартып дүйім жұртты таң қалдырған. Тег «Далее»

Қазақтың әйгілі күйшілері: Абылай хан (1711-1780)


Уәлиұлы Абылай (Әбілмансұр) – төре әулетінен, қазақ халқының біртұтастығын сақтауда жойдасыз еңбек сіңіген әйгілі ханы, сонымен бірге, ХVІІІ ғасырдан күйі жеткен санаулы күйшілеріміздің бірі. Ол өмір сүріп хандық құрған заман қазақ халқы үшін жойылып кету қауыпы төніп тұрған, өлім мен өмірдің арасында күн кешкендей алмағайып заман болатын. Бұл жөнінде сол кездің дуалы ауыз ақыны былай дейді:

«Былай барсаң Қоқан бар – қоқаңдаған әкең бар,

Былай барсаң қалмақ бар – күшіңді еппен алмақ бар, Тег «Далее»

Қазақтың әйгілі күйшілері: Қорқыт (ІХ ғасыр)


Қорқыт оғыз-қыпшақ тайпаларының VІІІ-ІХ ғасырда ғұмыр кешкен ұлы ойшылы, батагөй ақыны, дәулескер күйшісі,келер күнді болжайтын көріпкел бақсысы. Ата жағынан Қорқыт оғыз тайпасының Қамы (Қайыспас) дейтін атасынан тараса, ана жағынан қалың қыпшақ нағашы жұрты болып келеді. Қорқыттың әкесі оғыз тайпасына белгілі Қарақожа деген кісі болса керек. Тег «Далее»

Текті де тегеурінді өнер


Бүгін үйдегі (кішігірім) кітапханамдағы кітаптарымды қарап отырып мына бір кітапшаға тап болдым. Қазақтың әйгілі күйшілері; (ІХ-ХХ ғасырлар). Тарақты Ақселеу. 1992 жылы 25 000 даналық тиражбен Алматыдан «Қазақстан» «Ғақлия» баспасынан шыққан екен. Кітапша жайлы былай жазылыпты:

Ұрпақтың рухани тәрбиесінде тарихи тұлғаларымыздың түр-кейпін кескіндеп, олардың шабытты бейнесін ұрпақ санасына ұялатып отырудың мәні зор. Осындай мақсатпен тарихи-этнографиялық материалдардың негізінде біраз күйші композиторлардың бейнесі алғаш рет жасалып отыр.

Альбом-кітапша музыка зерттеушілерге, студенттер мен оқушыларға, қазақтың рухани мәдениетіне ден қойып жүрген қалың көпшілікке арналған.

Тег «Далее»

Араб әдебиеті, Ислам дәуіріндегі араб поэзиясы: Кағб бин Зуһайр. (Ұ.Алиакбарұлы)

Маусым 18, 2014 Пікір қалдыру

Кағб бин Зуһайр (?-645) [1]Каъб бин Зухайр бин Әби Сулмә (كعب بن زهير بن أبي سلمى‎‎). Анасы Кәбшә бинт Аммар. Кағб муаллақат шайырларының бірі Зуһайр ибн Әби Сулмәның екінші әйелінен туған ұлы.[2] Кағбтың Бужәйр деген ағасы болады. Ислам діні келгенде Кағб пен Бужәйр жаңа дінді қабылдауға асықпайды. Жаңа дін Араб жазирасына жайыла бастағанда Бужәйр мұсылман болып Кағб исламды қабылдамай қояды. Исламнан бас тартып Пайғамбарға қарсы өлеңдерін шығарып жүре береді. Бужәйр райыңнан қайт, мұсылман бол деген насихаттарын құлағына аспайды. Өзі жайында айтылған өлеңдерді естіген пайғамбар Кағбты ұстаңдар, өлтіріңдер деп әмір береді.[3]
Тег «Далее»

Араб әдебиеті, әл-Нәср жанры шайырлары: Әксам бин Сайфи. (Ұ.Алиакбарұлы)

Маусым 18, 2014 Пікір қалдыру

Әксам бин Сайфи (?-630)[1] Әксам бин Рийах бин әл-Харис бин Мухасин бин Сайфи. Хижазда дүниеге келген. Әбу Хайда, Әбу әл-Хафад деген лақаб аттарға ие. Өз заманының басшы, бай-шонжарлары уағыз-насихатын тыңдау үшін зиярат етіп келетін болған.[2] Тег «Далее»

Араб әдебиеті, әл-Нәср жанры шайырлары: Қассә бин Сәғида. (Ұ.Алиакбарұлы)

Маусым 3, 2014 Пікір қалдыру

Қассә бин Сәғида (?-600)[1] Толық есімі: Қассә бин Сәғида бин Амр бин Ади әл-Ийәди. Қассә дүниеді тәрк еткен адам болған. Екі бауырын жоғалтып өз қолымен жерлейді. Осы уақыттан кейін дүние тіршілігіне алданбай адамдарды жақсылыққа үндейді. Византияны зиярат еткен. Ъукказ[2] базарында адамдарға уағыз, насихат айтқан. Осындай бір насихатын Мұхаммед пайғамбар тыңдаған.[3] Тег «Далее»