Мұрағат

Posts Tagged ‘Араб тілі’

Араб әдебиеті, Ислам дәуіріндегі араб поэзиясы: Әбу Михжан әл-Сәқафи. (Ұ.Алиакбарұлы)


Әбу Михжан әл-Сәқафи (?-650).[1] Абдулла бин Хабиб бин Амр бин Умайр. Тайыятың Бәни Сәқиф тайпасынан. Аттың құлағында ойнаған арақ құмар шайырлардың бірі болған. Әбу Михжанда мухадрам шайырлардың қатарынан. Жаһилиет дәуірінде шараб жайлы көптеген өлеңдерімен атағы шыққан. Мұхаммед пайғамбар 631 жылы Тайыфқа келгенде исламнан бас тартып, кейіннен һижреттің 9 жылы рамазан айында[2] отбасымен бірге мұсылман болады. Тег «Далее»

Араб әдебиеті, Ислам дәуіріндегі араб поэзиясы: Әбу Зуайб әл-Һузәли. (Ұ.Алиакбарұлы)


Әбу Зуайб әл-Һузәли (?-648)[1] Хауайлид бин Халид бин Мухаррис әл-Хузәли. Әбу Зуайбте мухадрам шайырлардың қатарынан. Дегенмен оның жаһлиет уақытындағы өміртарихы жайлы мәліметтер жоқтың қасы. Тек Сағида бин Жууаййаның риуаятшысы болған деген мәлімет бар.[2] Тег «Далее»

Араб әдебиеті, Ислам дәуіріндегі араб поэзиясы: Кағб бин Зуһайр. (Ұ.Алиакбарұлы)

Маусым 18, 2014 Пікір қалдыру

Кағб бин Зуһайр (?-645) [1]Каъб бин Зухайр бин Әби Сулмә (كعب بن زهير بن أبي سلمى‎‎). Анасы Кәбшә бинт Аммар. Кағб муаллақат шайырларының бірі Зуһайр ибн Әби Сулмәның екінші әйелінен туған ұлы.[2] Кағбтың Бужәйр деген ағасы болады. Ислам діні келгенде Кағб пен Бужәйр жаңа дінді қабылдауға асықпайды. Жаңа дін Араб жазирасына жайыла бастағанда Бужәйр мұсылман болып Кағб исламды қабылдамай қояды. Исламнан бас тартып Пайғамбарға қарсы өлеңдерін шығарып жүре береді. Бужәйр райыңнан қайт, мұсылман бол деген насихаттарын құлағына аспайды. Өзі жайында айтылған өлеңдерді естіген пайғамбар Кағбты ұстаңдар, өлтіріңдер деп әмір береді.[3]
Тег «Далее»

Араб әдебиеті, әл-Нәср жанры шайырлары: Әксам бин Сайфи. (Ұ.Алиакбарұлы)

Маусым 18, 2014 Пікір қалдыру

Әксам бин Сайфи (?-630)[1] Әксам бин Рийах бин әл-Харис бин Мухасин бин Сайфи. Хижазда дүниеге келген. Әбу Хайда, Әбу әл-Хафад деген лақаб аттарға ие. Өз заманының басшы, бай-шонжарлары уағыз-насихатын тыңдау үшін зиярат етіп келетін болған.[2] Тег «Далее»

Араб әдебиеті, әл-Нәср жанры шайырлары: Қассә бин Сәғида. (Ұ.Алиакбарұлы)

Маусым 3, 2014 Пікір қалдыру

Қассә бин Сәғида (?-600)[1] Толық есімі: Қассә бин Сәғида бин Амр бин Ади әл-Ийәди. Қассә дүниеді тәрк еткен адам болған. Екі бауырын жоғалтып өз қолымен жерлейді. Осы уақыттан кейін дүние тіршілігіне алданбай адамдарды жақсылыққа үндейді. Византияны зиярат еткен. Ъукказ[2] базарында адамдарға уағыз, насихат айтқан. Осындай бір насихатын Мұхаммед пайғамбар тыңдаған.[3] Тег «Далее»

Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің басқа шайырлары: әл-Ханса. (Ұ.Алиакбарұлы)


әл-Ханса (?-645)[1] Тумадир[2] бинт Амр әл-Шарид. әл-Ханса лақабымен әйгілі болған Бәни Суләйм тайпасының шайыры. Дурайд бин әл-Симма қартайған шағында әл-Хансаға сөз салған. әл-Ханса Дурайдтың сөзін қайтарып[3], Рауаха бин Абдулғузза әл-Суламиге күйеуге шығып одан Абдулла деген ұл дүниеге келеді. Рауахадан соң Мирдас бин Амир әл-Суләмимен тұрмыс құрған. Одан Зәйд, Мұғауия, Умар есімді ұлдары дүниеге келеді. Шайыр болуына бауырлары Мұғауия[4] мен Сахрдың[5] өлімі себеп болады. Мұғауияны Һәшим және Зәйд әл-Мәррәйән өлтіреді. Тег «Далее»

Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің басқа шайырлары: Туфайл ибн Ауф. (Ұ.Алиакбарұлы)


Туфайл ибн Ауф (?-610)[1] Толық есімі: Әбу Қурран Туфайл бин Ауф бин Дубайс бин Дуләйф бин Кағб бин Ауф бин Жиллән бин Ғанам бин Ғани бин Ағсар. Туфайл арабтың әлсіз Ғани тайпасынан. Осы себепті қуатты Бәну Жағфар тайпасынан көршілес Тай тауының оңтүстік шығысында отырған.  әл-Ғаррад бин Қайс әл-Кинани есімді жігіт 585 жылы Бәну Жағфардың Ғуруа әл-Раххал есімді адамын өлтіріп қояды. Осы өлімнен соң Ғани мен Жағфар тайпасының арасында қастандық туады. Тег «Далее»

Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің басқа шайырлары: Әл-Мураққаш әл-Сағир. (Ұ.Алиакбарұлы)


Әл-Мураққаш әл-Сағир (?-570)[1] Әл-Мураққаш әл-Сағир лақабы. Негізгі есімі: Рабиға бин Суфян бин Сағд. Әл-Мураққаш әл-Акбардың туысы. Әл-Мураққаш әл-Акбар секілді тайпасын басқарған, әл-Басус шайқасында ерлігімен көзге түскен. Тег «Далее»

Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің басқа шайырлары: Әл-Самауәл. (Ұ.Алиакбарұлы)


Әл-Самауәл (?-560)[1] әл-Самауәл бин Ғадия. Кейбір мәліметтер бойынша[2] әл-Самауәл араб болған деседі. Анасы Ғассандық, араб болуы да мүмкін. Осы себепті біршама ғалымдар әл-Самауәлды араб деп есептейді. Дегенмен әл-Самауәл яһуди[3]. Яһудилер араб жазирасына Палестинадан көшіп келіп Хижаздың солтүстігінде қоныстанған. Араб жазирасына келген яһудилер арабтанып, араб тілінде таза әдеби сөйлесетін болған. Бірақ палестиналық яһудилермен ара-қатынасын үзбей діндерін сақтап қалған. әл-Самауәл тілі арабтанған яһудилерден болған.[4] Тег «Далее»

Араб әдебиеті, Жаһилиет дәуірінің басқа шайырлары: Ғабид ибн әл-Абрас. (Ұ.Алиакбарұлы)


Ғабид ибн әл-Абрас (?-600).[1] Толық есімі: Ғабид ибн әл-Абрас әл-Әсәди. Ғабид жастайынан өлең шығарған адам емес. Атағы қаншалықты жерді шарласа да өлеңдері соншалық аз болған. Жағдайы төмен, азға қанағат еткен жанның бір болса керек. Оның өлең шығарып, шайыр болуы жайлы төмендегідей риуаят бар. Тег «Далее»