Негізгі бет > Әңгімелер > Балалар үйіне барайық эстафетасы

Балалар үйіне барайық эстафетасы


Алматылық блогерлер мен журналистер «Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің көңілін көтеру» акциясын бастаған болатын. Олар шамалары келгенінше ақша жинап, балалар үйіндегі іні-қарындастарына сыйлық сыйлап, түрлі ойындар ұйымдастырды. Артынша эстафетаны Шымкент (яғни бізге) және Ақтау қаласындағы журналистер мен әлеуметтік желі қолданушыларына тапсырды. Эстафетаны қабылдап алған шымкенттік жастар және оған үлес қосқандар эстафетаны ары қарай Астана және Талдықорған жастарына, блогерлеріне, журналистеріне, еріктілеріне, қайырымдылықты сүйетін барша азаматқа табыстады. Акция 1-2 аптаның ішінде орындалғаны жақсы. Іске сәт!

Санаттары:Әңгімелер
  1. Әлі еш пікір жоқ.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру